№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Түгіскендіктердің тілегі текке кетпеді

Түгіскендіктердің тілегі текке кетпеді

Ал, қуан Қазақ елі, қуан!Алланың қалауымен Түгіскен ауылының көмекке мұқтаж тұрғыны жаңа баспана кілтіне ие болды!!!
Осыдан аз уақыт бұрын ауылымыздың еріктілері Өзбекстаннан көшіп келген қандас ағамыздың қиын жағдайын ауыл тұрғындарына жеткізген болатын.

Бұл жағдай ауыл тұрғындарын бей-жай қалдырмай, өздерінің мейірімділіктерін, бауырмалдықтарын көрсетіп, барлығы бір реквизитке жылу жинауды бастап кеткен болатын. Содан аз уақыт ішінде қажетті қаржы жиналып, бүкіл ауыл болып үйдің құрылысын бастап кетті. Жалпы үйдің құрылысымен еріктілерден құралған үлкен команда жұмыс істеді.
Еңбегі ерекше сіңген жандардың атын жазуға рұқсат етсеңіздер!
Нағысханұлы Әлімхан,
Камалұлы Жамбыл,
Жусипов Нұрлан,
Мұхамеджан Қанафия
осы азаматтарға үй құрылысының барлық жауапкершілігі артылса, қалған шешімі қиын мәселелерді шешкен;
Ауыл имамы;
Тайыржан Сайфназаров
Майлан Тұрсынханұлы,
Абдужаппар Сайфунов,
Садиков Қамбар,
Қасым Исаханұлы,
Дінмұхамед Жүнісхожаев,
Бексұлтан Ерманұлы
осы ел ағалары қаржының жұмсалу орнын, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуын қадағалады.
Барлығы мойынға артылған жауапкершіліктің ауыр екенін сезініп, өз жұмыстарын өз деңгейіненде жоғары орындап шықты.
Айта кететін жағдай бұл
Түгіскен ауылындағы бірінші және соңғы қайырымдылық шарасы емес.
Былтыр 2019ж
Арыстағы апатқа 2000 000 теңгеден жоғары қаржыға гуманитарлық көмек жіберілсе,
Тек биылдың өзінде ауылымызда
Мақтарал ауданындағы су апатына 2000 000теңге жуық жылу жиналды, ал осы
Сайд Жүсіп ағамыздың үйіне
2 300 000теңгеден жоғары қаржы жиналды.
Осындай кішігірім ауылдан халықтың 6,5 000 000 теңгеге жақын қаржысы қайырымдылық шарасына жұмсалған екен.
Мемлекеттен не аламыз деп емес, мемлекетке қандай көмек бере аламын дитін осындай кең жүректі жандардан құралған берекесі мол ауылда өмір сүріп жатырмыз!!!

Душар болып жалғанның сынағына,
Жандар бар ғой зар болған бір адымға.
Үлдеменен бүлдеге орамай- ақ,
Сен солардың хал- жағдайын сұрадың ба?

Қу тірлікпен қиқулап барамыз да,
Тек пайданы жапсырдық санамызға,
Сен жақсылап көз салшы айналаңа,
Жомарт жандар бар екен арамызда.

Жан мен тəні жаралы адамдарға,
Көмек бергің бойыңда шамаң барда,
Жақсылыққа жақсылық қайтады əркез,
Тілегіңді береді сағанда Алла.

Жаны жайсаң жандардың жолы даңғыл,
Олар əркез пейіштің жолында тұр,
Қамқор адам Алланың сүйкімдісі,
Олардыңда арманы орындалсын.
01 қараша 2020 ж. 348 0