№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЙДАРЛЫ ЖҮЗДЕСУ

ЖАЙДАРЛЫ ЖҮЗДЕСУ


Жұртты не толғандырады? Қандай ұсыныс-тілегі бар? Халықтың осындай ойын, арман-мұратын атқарушы билікке жеткізуде депутаттық корпустың орны ерекше. Облыстық мәслихаттың депутаты Нуриддин Әмитов Машбек және Өзгент ауылының тұрғындарымен кездесті. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев та кездесуге арнайы қатысты.


Алдымен Машбек ауылының тұрғындарымен кез­дескен халық қалаулысы ауыл тұрғындарының өтінішіне құлақ түрді. Ең негізгі түйткілді мәселені шешіп беруді сұраған ауылдық қоғамдық кеңес бірлестігінің төрағасы Әлімхан Құрбанбеков:
– №17 «Әділ» балабақшасының ғимараты тым ескі. Соны №196 мектептің ескі ғимаратына көшіруге ықпал жасауыңызды сұраймыз. Қазіргі балабақшаның апатты жағдайда екенін растайтын құжат ауыл әкімдігінің қолында. Осы күні ескі мектеп іші балабақша жұмысына сай болуы бағытында барлық реконструкциялық жағдайдан өту үшін бүкіл сметалық құжаты дайындалды. Енді осы мәселені облыс басшыларына жеткізіп, қаражат жағынан көмек беруге қол ұшын созсаңыз, – деп ауылдастарының тілегін жеткізді.
Ауыл тұрғындарын толғандырған мәселе­лерін тыңдаған Нуриддин Егенбердіұлы дайын­далған құжаттар бойынша қолдан келгенше көмектесетінін, қазан-қараша айында қаралатын қаражат мәсе­лесінде қаперге алынатынын, қолдау тапса жұмыс жасалатынын жеткізді.
Келесі кездесу Өзгент ауылындағы ауылдық клуб үйінде өтті. Ауыл тұрғындарының атынан сөз алған ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалкөз Абдукаримов:
– Сіздің осы уақытқа дейін жасаған көмегіңізді ел ұмытқан жоқ. Тағы да ел аралап, ауыл тұрғын­дарының талап-арыздарын тыңдауға бел буған екенсіз. Толғандырған жайттарды айтайық. Мына көріп отырған ауыл клубы ескі ғимарат екені көрініп тұр. Ауыл балаларының дарынды, өнерлі болғанын қаласақ мұндай мәдениет ошағы өте керек. Қыста жылы, жазда салқын, жағдайы жасалған ғимаратта отырып қызметкерлер жұмыс жасаса дарабоздар шықпасына кім кепіл?. Осы мәселені шешіп берсеңіз, – деген ойын ортаға салды.
Ақсақалдың сөзінше, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында ауылдың кәсіпкері клуб үйін салып беруге уәде беріпті. Бірақ жұмыс кешеуілдеп жатыр.
Ауылдың келесі мәселесін №224 мектеп директоры Қыдыр Үсенов көтерді.
– Осыдан екі жыл бұрын капиталды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлық құжатты дайындап облыстық қаржы бөліміне тапсырған болатынмын. Ескі ғимарат болған соң жөндеу жұмыстарының бағасы 216 миллион теңге болып бекітілді. Сметада көрсетілген сумманы 35 миллионға қысқартты. Оған да көндік. Ең болмағанда мектепті есік-едендерін, тағы да басқа керекті заттармен қамтамасыз етуге жетіп қалар. Дайындалған құжат мерзімі 3 жылға ғана жарайтындықтан келесі жылы аяқталу уақыты жақын. Тым болмаса жөндеу жұмыстарын қатты қажет етіп тұрған салаға жұмсайық, сондықтан осы қаражатты алу жағынан көмек көрсетсеңіз, – деді мектеп директоры.
Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының уәждерін тыңдап болған соң барлығын зерттеп, зерделеп, жауабын айтатынын ескертті.
Жиын біткен соң мектептің бүгінгі жағдайын көзбен көріп, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлдіруге жұмыс жасайтынын айтты.

Лаура БИБАСАРОВА
07 қыркүйек 2019 ж. 723 0