№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өнер көкке жеткізер

Өнер көкке жеткізер

Жаңақорғанның топырағына кие қонып, құт дарыған. Әйтпесе, “бір өзі бір театр” атанған Манап Көкенов пен Есіркеп Қоңқабаевтың көмейіне жыр қайдан қонсын?! Әлшекейдің күйі қарт Қаратаудың қойнауында жазыла жатқан осы даланың сарынымен үндес, қос классик Дүкенбай Досжан мен Тынымбай Нұрмағамбетовтың қаламдарының қуатты болуы да осы топырақтан. Ақындар Адырбек Сопыбеков пен Әбілқайыр Сыздықовтың шабытын шарықтатқан да осы өңірдің киесі. Жаңарған Жаңақорғаннан әлі де ұлт руханиятына олжа салар өнер, мәдениет және қоғам қайраткерлері шыға берері ақиқат...


Ұлт ұлағатында "Озар елдің қызы мінезді, Ұлы өнерлі келеді" деген тәмсіл бар. 2015 жылы осы сөзді композитор, өнертанушы Құлахмет Нәлтаев ағамыз алға тартып, қабылдауыма келді (2015-2016 жылдары әкім болған кезімде). Өнер иесі қанша жылдан бері өнер мектебін ашуды ұсынғанымен, қолдау таппағанына қынжылды.
– 1996 жылы өнер мектебі қысқарды. Ол кезде мектепті ұстап тұруға мүмкіндік болмады. Жылдар өтті. Енді елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы оңалды. Реті келсе өнер мектебін қайта ашу керек. "Бай болмасаң бай болма, Өнер, білімге сай бол", - деген аталы сөз бар. Осы ұлағатты басшылыққа алайық, – деп ұсыныс білдірді.
Расында мәдениет – қоғам айнасы. Елдің рухани күш-қуатын көрсететін құрал. Театр сыншысы Әшірбек Сығай ағамыздың: «Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек – жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін. Ендеше, жүрегіміз тоқтамасын» деген керемет сөзі бар. Қандай салмақты сөз десеңші?! Демек өнерге мән беру керек-ақ. Оның жолын ұлы ағартушы Жүсіп Баласағұн былай түсіндіреді: «Өнер-білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан». Ал өнерге баулитын оқу қайда? Әрине өнер мектебінде. Сондықтан шұғыл іске кірісіп кеттім.
№209 мектептің ескі ғимаратын жөндеп, өнер мектебін құру жайын пысықтап, сол кездегі орынбасарым Серқожа Ыдырысовқа, Аққорған ауылдық округінің әкімі Сардар Ахметовке тапсырма бердім. Көп уақыт өтпей мектептің екінші қабатын өнер мектебіне сәйкестендіру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті...
Сыр беткейіндегі ауылдық округтерді аралағанымда арнайы өнер мектебінің болашақ ғимаратын көріп, құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым (алғашқы фото сол кезде, басқа фотолар Өнер мектебінің қайта ашылуы салтанатында түсірілген). Әлі есімде Құлахмет аға қатты қуанып жүрді. Ауыл ақсақалдары да ризашылығын білдірді.
Содан бері бес жыл сырғып өтіпті. Осы жылдары қаншама жастар домбыра тартуды үйреніп, өнерін шыңдады. Бүгінде онда 11 ұстаз домбыра тарту, домбырамен ән айту, эстрадамен ән салу, хореография, қолөнер сынды үйірмелер бойынша жас жеткіншектердің өнерін шыңдап келеді.
Алдағы уақытта да Түгіскен өнер мектебінің материалдық базасын жаңартуға мән беретін боламыз.
Өздеріңіз білетіндей, жақында Әлшекей атындағы өнер мектебіне арнайы бардым. Жаңақорған кентіндегі өнер ордасын заманауи талаптарға сай ету міндеті тұр. Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісіндегі істер. Бір анығы, өнер ұжымдарын қолдай береміз...

Қадірлі түгіскендік өнер ұжымы, 5 жылдық асу құтты болсын!
Манаптың ізбасарларын тәрбиелеп, қанат қақтыра беріңіздер!

Руслан Рүстемов,
Жаңақорған ауданының әкімі
31 қазан 2020 ж. 651 0