Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Келіннің табаққа сәлем салуының мән-мағынасы неде?

Келіннің табаққа сәлем салуының мән-мағынасы неде?


Әкеміз келінінің табаққа сәлем салуына ерекше көңіл аударатын. Бір дастарханда тамақтанатын болғандықтан келін ата-енесінен, басқа да үлкендерден ұялып дұрыс тамақтана алмайды деп әкем тамақты бастамай тұрып, табақтағы ет тамақтың бір бөлігін шетке ысырып қоятын. Онысы келінге қалдыруы болатын. Келін жесін, келін дұрыс жей алмады деп, тамақтың құнарлы тұстарын көбірек қалдыратын. Және сол табақтан келіннің дәм алуын қадағалайтын. "Әй, кемпір, келін дұрыс тамақтана алды ма,?, деп қайта-қайта сұрайтын еді әкеміз жарықтық.
Әкем сонымен қатар оның мән-мағынасын да айтатын. Келінге табаққа сәлем салдырудың басты мағынасы дұрыс тамақтана алмаған келінге тамақтың қалған-құтқанын емес, құнарлы тұсын да қалдыру болып табылады. Ошақ басының, ас-судың басында жүрсе де келін дұрыс тамақтана алмайды, бала емізген анаға тамақтың құнарлысын жеу керек, әйтпесе балаға сүт болмайды деп айтатын.
Осындайда келіннің табаққа сәлем салуы туралы төмендегідей әңгімені естіп едім.
"70-80 жылдары болса керек. Ауылдағы бір жоғары білімі бар, әйелі де жоғары білім алған қызметкердің баласы үйленеді. Келіні де жоғары білім алған маман және қалалық екен. Тойдан кейін үлкендерді, жақындарын шақырып тағы бір тамақ береді. Тамақ желініп болады. Үлкендер келін қалалық, әрі оқыған екен, табаққа сәлем салуды білмейтін шығар деп келінге табақ ал деп айта қоймайды және табақта да ештеңе қалмаған көрінеді. Сонда келін табақты өзі алып "бос табаққа да бір сәлем" деп табаққа сәлем салады. Ұяттан жерге кірер тесік таппаған үлкендер қатты қысылады. Сонда үлкендердің бірі өздерінен қателік кеткенін айтып келіннен кешірім сұрайды. Сол үйде отырғандарды ертесіне өз үйіне шақырады. Жаңа түскен келінді де үйді көруге шақырады. Ертесіне келінмен бірге басқалары да келеді. Дастархан басында келінге табаққа сәлем салдырудың мән-мағынасы әңгіме болады. Өздерінің де кейбір дәстүрлерді ұмытып бара жатқанын әңгімелейді. Тамақ желініп болған соң жаңа келінге табақ алдырып сәлем салдырады. Үлкендер 'бақытты бол", "ұл тап", "қосағыңмен қоса ағар" деп әрқайсысы өз тілектерін айтады. Келінге сәлем салдырудың тағы бір мағынасы келінге бата беру мен жақсы тілек тілеу екендігі де сөз болады".
Кей кездерде, кейбір үйлерде бос табаққа немесе қалған құтқан табаққа сәлем салдырғандарды да байқап қаламын. Бұл біздің келінге табаққа сәлем салдырудың мән-мағынасын білмеуден екендігі айтпаса да түсінікті.
Ия, ағайын, келінге бос табаққа сәлем салдыруға болмайтындығын біле жүрейік!!!

Бекмырза Сырымбетұлының парақшасынан.
08 тамыз 2020 ж. 1 925 0