Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қайынаға иманды болмай, келін ибалы болмайды»

«Қайынаға иманды болмай, келін ибалы болмайды»

Келін сәлемінің тағы бір ерекшелігіне байланысты мынадай жақсы әңгіме бар екен:
Ертеректе бір байдың ерке де есер жалғыз баласы біреудің жанынан артық көріп бағалайтын жүйрік атын рұқсатсыз мініп кеткен екен. Оның әлімжеттік жасап, өз байлығын місе тұтпай, өзгенің тәуірін иемденгеніне ыза болған ат иесі әлгі әумесердің отауына қарай ашулана беттейді. Қанша ұрда-жық болса да, ат иесінен именіп, айбатынан қорыққан бай баласы қатты сасқаны соншалық, тысқа шығып, істеген қылығы үшін жауап берудің орнына, көзі алақ-жұлақ етіп, үнсіз бүрісіпті. Күйеуінің сасқалақтағанын көрген байдың келіні сол кезде сыртқа шығады да, ызаға булығып, алдындағысын жайпап кетердей болып келе жатқан ат иесінің алдынан шығып, тізесін бүге иіліп, сәлем салады. Қанша айбат көрсетіп, терісіне сыймай ашуланып келген адам мына көрініске таңғалып, кібіртіктеп қалады. Әрі ашуын тежеп, сабырлы қалыпқа түсіп, келінге батасын береді. Өзін сыйлап, иіліп сәлем салған келіннің ізеттілігі оны осындай күйге түсіріпті. Бай да ұлының айыбын жуып, тұлпарын ғана қайтарып қоймай, ат иесіне шапан жауып, ат мінгізген екен. Бұдан нені байқаймыз? Екі үйдің арасында ұрыс-керіс жанжалдың болмауына келіннің иіліп бір ғана сәлем салғаны себеп болған.
Бұл күндері кейде, керісінше, сәлем салған келінге не айтарларын білмей абдырайтындар да кездеседі. Сасқандарынан келіннің қолына жармасатын адамдарды да көріп жүрміз. Тізесін бүге иіліп, сәлем салып тұрған келіннің ибалылығына, кішіпейілдігіне, ізеттілігіне қарай «Бақытты бол! Қосағыңмен қоса ағар, көп жаса!, "Ұл тап"» деп бата берген жарасымды емес пе?!

Материал басқа әлеуметтік желісінен алынды.
24 ақпан 2020 ж. 1 995 0