№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Манап ақынның шерткен домбырасы қайда?

Манап ақынның шерткен домбырасы қайда?

Қасиетті Сыр жері ақын – жазушылар мен орындаушыларға бай. Сыр еліне ғана емес бүкіл қазақ еліне аты мәшһүр Манап Көкеновтың қолының табы тиген, саусағының ізі қалған қара домбырасы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Мәдениет және өнер»  залында  орналасқан.

1972 жылы қыркүйек  айында  Кентау қаласының  «Ачполиметалл»  комбинатының ұжымы Манап ақынмен кездесу кешін ұйымдастырып, сол кеште айтыскер ақынның өнеріне тәнті болған комбинат ұжымы Манап ақынға домбыра тарту етеді. Оған дәлел домбыраның бетіне ойылып жазылған қолтаңба. Онда былай деп жазылған:  «Кокенову Манапу в честь посещения города Кентау от коллектива комбината  Ачполиметалл. Сентябрь, 1972 г» .
 Ақын домбырасы өңделген қарағайдан  құралып жасалған. Домбыраның басынан шанағына дейінгі аралық оюмен көмкеріліп, безендірілген.
Айта кетейік, Манап Көкенов 1928 жылы Жаңақорған ауданы Талап ауылында дүниеге келген. Ақынның таланты мен өнеріне разы боған  Әбділдә Тәжібаев «Манаптың өзі – бір театр» деп өшпес баға берген. Тәңір  сыйлаған талантымен тас жарып, атағы алысқа тараған, он бес жасынан сөз патшасы – өлеңді өресіне бағындырып, өзі содан бақ тапқан, жыр алыбы – Жамбылдың ізін басқан желегі, Қаратаудың өрені – Манап ақынның өзі де бүгін сол жыр дүлділдері – Сыр сүлейлерінің біріне айналған.
         Қазіргі таңда ақын домбырасы экскурсоводтарының  таныстырылымында ерекше мәнге ие болып, музей келушілерін қызықтырауда.
Ләззат ЖАЛҒАСБАЙҚЫЗЫ,
Қызылорда облыстық тарихи-өкетану музейінің ғылыми қызметкері  

17 маусым 2020 ж. 795 0