Мақсатым – сөз өнеріне адалдық таныту
...Менің осы салаға қызығушылығым мектеп кезінен басталды. Партада небір шимай шатпақты жазып, сол жазған шығармаларымнан мән-мағына көре бастадым. Мазмұндық деңгейім мен ой жүйріктігімді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Табылған Әбілқасымов та байқаған болса керек-ті, қолдады, қуаттады, бағыт-бағдар көрсетті. Иә, мұғалімнің қолдауы маған шабыт беріп, мектеп бітірген жылы ойланбастан журналистика саласын таңдадым.
Аттестат алып, Е.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетіне құжат тапсырдым. Әлі есімде, бойда үрей басым. Алайда мұратым алға жетеледі... Ол кезде кафедра меңгерушісі Ақселеу Сейдімбек ағамыз еді. Шығармашылық жолды таңдаған 4-5 қыз-жігітті қабылдап: «Айналайындар, бірің сұлу Сырдың бойынан, енді бірің асқар шыңды Алатаудан, мұнайлы Маңғыстаудан армандарыңды арқалап келіпсіңдер. Бірақ қызығынан қиыны көп жолды таңдапсыңдар. Мынаны ескеріңдер, бұл сала – ізденуді, еңбектенуді талап етеді. Ал қазақта қыздың жолының жіңішке болады, – дегені әлі жадымда жаңғырып жүр.
Ол кезде алып-ұшқан аңғал арманмен көп нәрсенің байыбына бармасам да, бүгіндері терең ұғынып, Ақселеу ағамыз айтқандай, журналистік жол – соқпағы көп, ауыр жол екен-ау...
...Дипломды қолыма ұстағаннан кейін, көрімдігін алып, сандыққа салмай тұрып аудандық газетке келдім. Келуіме әкем себепкер болды.
– Туған жерге қызмет адамдық борышың. Бірер жыл осында жұмыс жаса, содан кейін қалаған қалаңа барып қызмет қыларсың, – деген еді.
Міне, содан бері он төрт жылдай уақыт сырғып өте шығапты. Тұрмыс құрып, Алланың берген бес ұл-қыздың анасы атанып, ауданның төл газетінде еңбек етіп келемін. Отбасымның қолдауымен қолымдағы қаламым мұқалмай, жолдасымнан кейінгі «екінші серігіме» айналған.
Әлқисса... Артқа шегінсек. Өткен ғасырдың тоқсан сегізінші жылдары деймін мектепте оқып жүрген шағым. Аудандық, облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, шығармашылық әлеуетімді сынға салып, шағын шығармалар жаза бастадым. Ұстазым Табылған Әбілқасымов болса, жүйрігін бәйгеге қосқандай тақымын қысып, уайымдап жүруші еді... Қазір ойлап қарасам, алғашқы қадамыма қолдау білдірген сол ағайым екен ғой!
Дана да дара Ақселеу айтқандай, шығармашылық жолда әйел затының шабытына тұсау болатынын кездер болады екен-ау. Бірақ балалық кездегі мақсатымнан тайған жоқпын. Өз-өзімді шығармашылық тұрғыда дамытып, оқырмандарыма адал еңбек етуден адасқан емеспін.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА