№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Аты аңызға айналған батыр

Аты аңызға айналған батыр

Ертеректе Ақтөбе-Орынбор бағытында поезбен кетіп бара жатып, бір купеде татар қарт профессормен танысып, әңгіме дүкен құрып барғанбыз.
Әлгі профессор: "Қазақта атақты Бауыржан деген батыр бар, ол ер түріктен шыққан ұлы батыр, оны өз елі Күлтегінге теңеуге тиіс"деп әңгімесін бастады.
Мен болсам: ол түрік емес Бауыржан Момышұлы- қазақ дедім білгішсініп)...
Ол жымиып күлді де, тарихты айта кетті. Мен сонда ғана түркі халықтарының түбі бір, ата-бабамыздың сақпен ғұннан тарағанын алғаш рет естіп санама құйған екенмін..
Кеңестік коммунистік идеология бойынша өскен ұрпақ, мектепте де "Ленин біздің бабамыз"-деп мұғалімдер оқытқаны тағы бар...
Сәлден кейін профессор мынадай аңыз әңгімесін бастады: "Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолындағы шайқаста қазақтың Бауыржан деген батыры болыпты".
Ол фашистерге шапқанда Қобыланды батыр жырынан үзінді оқып қиқулап, атойлап шабатын көрінеді... Фашистер қанша көздеп атсада оқ дарыта алмапты. Немістің генералдарының біреуі ұйқысынан "Черный русь, черный русь"-деп шошып оянған кездері деді болған екен.
Әлгі генерал Мәскеуден шегінген уақытында Гитлерге бір баяндамасында: "Волоколам тас жолында ақбоз ат мінген қара командирді көрдім, түрі орысқа келмейді, көздеп атқан оғымыз далаға кетеді, біз оны қара орыс деп атадық қандай ұлт екенін білмедік "-депті.
"Ақымақ! Ол қазақ командирі ұлты-қазақ, барлаушылар ол туралы мәлімет жеткізген.
Біз қателесіппіз! Орыстарға қарсы еуропалықтарды емес Азиядағы осы қазақтарды айдап салу керек еді" -деп әдетінше тоқпақтап үстелін ұрғылаған екен.
Бұл оқиға тарихта болдыма жоқ па? Ол жағын білмеймін, білетінім 1977 жылы пойыз купесінде қарт татар профессорынан естіген аңызға бергісіз осы әңгіме, менің таным біліміме біраз өзгеріс әкелгені рас.
Айбек Жаманбаев.
24 маусым 2020 ж. 560 0