Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ "БАУЫРЖАН" ЕСІМДІ БАЛАЛАРҒА БЕРГЕН БАТАСЫ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ "БАУЫРЖАН" ЕСІМДІ БАЛАЛАРҒА БЕРГЕН БАТАСЫ


Атақты "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогының авторы, қадірлі қаламгеріміз Әзілхан Нұршайықовтың қойған сауалына батыр былайша жауап береді:  Автор: "Қазір елде сіздің құрметіңізге қойылған Бауыржан есімді балалар көп. Соларға қандай тілек айтар едіңіз?" Бауыржан: "Маған білеміз деген жігіттер "Қазақстанда он үш мыңдай Бауыржан бар екен", - деп хабарлады. Мен әзілдеп, оларға: "Менің атым орыстың Иванындай болып бара жатыр екен ғой", - дедім. Бұл әзілім, әрине. Ал мен ол цифрдың анықтығын білмеймін. Білетінім – мен қазіргі Бауыржандардың ішінде бірінші нөмірлі Бауыржанмын. Міне, мен алпысқа келдім. Мені сыйлап, қадірлеп, сәбилеріне менің атымды қойған ата-аналарға, олардың туған-туысқандарына шын ниетпен алғыс айтамын. Ал Бауыржандарға айтарым: Азамат боп өсіңдер, қарақтарым! Қатарларыңнан кем болмаңдар. Бірің болмаса бірің менен асып кетсеңдер, оған ешқандай дауым жоқ. Барлық Бауыржанға, барлық балдырғандарға ақ ниетпен батамды беремін!", – деген екен.
30 желтоқсан 2018 ж. 1 451 0