№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Бақташының бақыты

Ғалымжанға таң алакеуімнен тұру дағдыға айналған. Ертемен қорадағы малын шығарып, күтіп тұратын тұрғындарды ойлағанда еріксіз жұмысына асығады. О бастағы балалық қызығушылығын сүйікті ісіне айналдырған ол бүгінде бақташылықты кәсіп етіп жүр.

Ғалымжан бала кезінен атқақұмар. Осы құмарлығы сүйікті кәсібімен есейгенде айналысуына алып келді.
Бүгінде кенттің оңтүстігіндегі ірі қара малына пада шығарылды. Аз уақыт болса да игі істің игілігін халық көріп отыр. Бұрынғыдай малдары көрінгеннің қорасын жағалап жүрмейтін болды. Сосынғысы шөп мәселесі. Үйде байлаулы тұрған малдың бір күнде кемі бір бума шөп жейтінін ескерсек, бір айда 8-10 мыңға дейін шөп алатының тағы бар. Бізге Ғалымжанмен сөйлесу оңайға түспеді. Күндіз қолы тимейтін болғандықтан телефонын алуы қиын, кешкісін шаршап келген жанды тағы мазалағың келмейді. Сонда да болса, аз-кем сөйлестік.
– Кент тұрғындарының малын баққалы екі айдай уақыт болып қалды. Бүгінде 46 сиырды бағып жүрмін. Кәсібім өзіме ұнайды. Десе де, жаздың аңызақ желі мен күнқақтайтын қатты ыстығы біраз шаршатқаны рас. Десе де, әрбір еңбектің өтеуі, қайтар қарымы болады,– деді бізбен әңгімесінде.
Қара малды ыстық күнде жалғыз атпен бағу да оңайға түспей тұр екен. Атты да болдырып алу керек. Жылқы малы мінезді мал болғандықтан бабы бір басқа. Аптап ыстықты ұната бермейді. Содан да болар аша тұяқтысы да азғын. Сол үшін де мотоциклмен бағу да ойында бар.
Ақшам түсуге таяп қалған. Сонадайдан қарасы көрініп, бұзауына асыға мөңіреп мал келеді. Алдынан шыққан иесінің көңілі тоқ. Өйткені сиырдың тоя жайылғаны желінінен байқалып тұр.
Әйгерім МҰХАММӘДИҚЫЗЫ
22 маусым 2020 ж. 668 0