Үлкен жүректі ұстаз
Жақсылық атаулыны жүрекке қондырып, сауатты ашып, қабілетін шыңдау ұстаздың ғана қолынан келер іс. Осы тұрғыда алғанда Бибігүл Ібітаеваның есімін ел жақсы біледі.
Ардагер ұстаздың сөзі дәйекті, ісі жинақы. Барға қанағат ете білетін, көп мақтана бермейтін биязылығы бізді тәнті етті. Бала жүрегінің бағбаны бола білген Бибігүл Ібітаева қызмет жолын еске алды:
– «Жаңақорған тынысы» газетінде «Армысың, ардагер ұстаз!» айдарымен шыққан мақаланы оқып, көңілім марқайып қалды. Ұстаздар күш-жігерін, қарым-қабілетін баланың зердесін ашуға жұмсайды. Бұл – оңай іс емес. Ал зейнетке шыққанда олардың өнегелі ісі дәріптелгені жөн, – деді қуанышын жасыра алмай.
Бибігүл апай Жаңарықта өмірге келді. Білімге құштарлығы оны Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищеге апарды. Бұл – 1978 жыл еді. Онда бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алды. Сосын №3 мектеп-интернатында еңбек жолын бастады. Тұрмысқа шығып, Өзгент ауылының балаларының сауатын ашуға үлес қосты.
Ұстаздық қызмет пен отбасылық міндетті қатар алып, 32 жыл бойы №245 жалпы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болды. Осы жылдары оқушылардың қабілетіне қарай түрлі бағытқа бағыттап, бірін – математик, бірін – гуманитарияға, енді бірін – спорт пен өнерге өрлетті. Осы қасиетімен шәкірттерінің сенімді досына, сырлас ақылшысына айнала білді.
Бүгінде Бибігүл апайдан тәлім-тәрбие алып, сауатын ашқан оқушылар елдің түкпір-түкпірінде қызмет етуде. Соның бірі – Әзиза Кемелбекова. Бүгінде ол білікті ұстаз.
«Бала кезімді Бибігүл апайымсыз елестете алмаймын. Апай өте мейірімді, ақылшы, кең жүректі жан. Оның жұдырықтай жүрегінде сансыз балаға деген кіршіксіз таза көңіл бар. Мұндай қасиет көптің бойында бола бермейді. Бүгінде апайдың жолын жалғап, еңбек етудемін», – дейді шәкірті.
Бибігүл апай әрбір шәкіртінің жаңалығына қуанып, өзінің сенімін ақтап жүргеніне дән риза. Шәкірттері әлеуметтік желі және ұялы байланыс құралы арқылы хабарласып, жағдайын біліп тұрады екен.
Өз баласындай болып кеткен Әсет Ақбаян, Белгібаев Бекжан, Сәрсенбай Нұртай, Әбілхайыр Бақдәулет мен Жансая Бақыш елдегі беделді университетте студент. Ал өзі оқытқан Шайхиддин Тілеубергенов өзімен бірге әріптес болды.
Әріптес шәкірті: «Ауылда апайдың адамгершілігі мен инабаттылығына жетер жан кемде кем. Ақ жүрегі мен аналық мейірімі ерекше. Мені жасы кіші деп емес, өзімен тең әріптес санап, кіші буынға бар білгенін аямай, ұжымның татулығын, бірлігі мен берекесін арттырып, біздей жас мамандарға үлгі болды. Өзімнің осындай ұстаздан тәлім алғанымды зор мақтанышпен айта аламын!», – деді.
Отбасында да берекенің кілті әйел анада екенін ұққан жан жолдасы Бектөре Сәрсенбаевты құрметтеп, ел алдында беделін биік етті. Шаңырағының шаттығы болған 5 перзентін тәрбиелеп, оқытып, бір-бір маман иесі болуына күш салды. Бүгінде тұңғышы Руслан Бектөреұлы №245 жалпы орта мектебінде орынбасар, Нұрлан Бектөреұлы Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінде аға лейтенант, Ерлан Бектөреұлы Жаңақорған аудандық Ішкі істер бөлімінде полиция, төртінші ұлы Аян Атыраудағы «Тенгиз» компаниясында бас маман, сүт кенжесі Мейіржан Өзгент ауылдық клуб үйінде бухгалтер болып қызмет атқаруда. Келіндері де жоғары білімді, өз мамандықтарын тапқан жандар. Қолдағы келіні Салтанат Айменова мектеп психологы, отбасының ұйтқысы. Осы перзенттерінен 16 немере сүйіп, бақытты әже болып, ұрпағының қанаты кеңге самғауына тілекші болып отырған жайы бар.
– Бақыттың кілті – білімде. Көзі ашық, көкірегі ояу жан өмірде өз жолын жаңылмай табады. Білім саласында еңбек ету де ең қастерлі қызмет. Мен секілді ардагер ұстаздар елдің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосты деп санаймын. Елдің зиялы, қауқарлы, рухани дамуы бүгінгі ұстаздар қауымына артылған сенім, – деді ардагер.
Мақпал ПАТЕНОВА