№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ — АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ БОЛАШАҚ ҰРПАҒЫНА ҚАЛДЫРҒАН ӨСИЕТІ⠀

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ — АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ БОЛАШАҚ ҰРПАҒЫНА ҚАЛДЫРҒАН ӨСИЕТІ⠀

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ — АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ БОЛАШАҚ ҰРПАҒЫНА ҚАЛДЫРҒАН ӨСИЕТІ⠀


1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.⠀
2. Құдайшылық - жүректе. Қалпыңды таза сақта.⠀
3. Құдайдан - қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!⠀
4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.⠀
5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.⠀
6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.⠀
7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың.⠀
8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?..⠀
9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.⠀
10. Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.⠀
11. Қайғысыздың бәрі асау.⠀
12. Өлейін деп өлмейді өлерік жан.⠀
13. Распенен таласпа.⠀
14. Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,⠀
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.⠀
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,⠀
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.⠀
15. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,⠀
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.⠀
16. Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.⠀
17. Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.⠀
18. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.⠀
19. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.⠀
20. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.⠀
21. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.⠀
22. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.⠀
23. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.⠀
24. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.⠀
25. Жақсы ДОС білген сырын сыртқа жаймас.⠀
26. Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.⠀
27. Серт бұзғанның орны шоқ.⠀
28. Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес.⠀
29. Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.⠀
30. Арлану ақылдының ісі.⠀
31. Пенде өлмейді арманнан.⠀
32. Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.⠀
33. Есебі жоқ ант ішпе.⠀
34. Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.⠀
35. Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек.

Әсел қыздың парақшасынан

11 маусым 2020 ж. 720 0