№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ел есіндегі батыр Әбен Үржігітов

Ел есіндегі батыр Әбен Үржігітов

Ұлы майданға бір Жаңақорған ауданынан 5 мыңға жуық жас аттанды. Солардың жартысы соғыс даласында жан тапсырып, туған елге оралмады. Ал аман қалған жауынгерлер елге келіп, түрлі салада еңбек етті. Солардың қатарында Әбен Үржігітов те болды. Соғыстан кейінгі жылдары аудан экономикасының өрлеуіне, әлеуметтік саланың артуына
қалтқысыз қызмет қылған батыр биыл 100 жасқа толды. Сүйегі асыл сарбаз туралы туынды жазудың сыры осында.
Иә,бүгінгі  азат  елдіңарайлап  атқан таңы  осыжауынгер  жүректі  батырлардың ерлікпен  суарылғанқиямет өмірлерінің  өтеуі  деугеболады.  5  жыл елденжырақтап, от пен  оқтың,  өмір менөлімнің  ортасында  жүргенбабалар батырлығын  әсте  бізұмытуға  тиіс емеспіз. Әбен майдангер де 5 жыл бойы ұрысдаласында  болып,  туғанмекенге жеңіспен оралған қаһарман.
Әбен Үржігітов 1920 жылы 15 ақпанда Жаңақорған  қонысындадүниеге  келген. Еңбек  жолын1939  жылы  аудандық кітапханада  кітапханашыболып бастайды.  Соғыс  басталғанғадейін аудандық  прокуратурада  хатшыболып істеген.  1941  жылымайдан  даласына аттанады.  АлғашындаЧелябинск қаласында кіші командирлер даярлайтын курсты  үздікбітіріп,  аға  сержантатағыналған ол взвод командирінің орынбасары ретінде  1943жылдың  ақпан  айына дейінБатыс  майданында  шайқасады. Тучина  қаласындакомандирлер даярлайтынкурсты  үздік  бітіріпаға лейтенант  атағын  алады.1943  жылдың маусым  айынанбастап  №78  айрықша десанттар  ротасыныңкомандирі  болып тағайындалады.  Кескілескенұрыста жарақаттанған  жас  жігітдала  әскери госпиталіне  түсіп,денсаулығы  түзелген соң  қайтаданқаруын  қолына  алып, майдан шебіне кіреді.
Елге1945  жылдың  күзіндеоралған сарбаз  1946-58  жылдарыаудандық мәдени  ағарту  бөлімініңмеңгерушісі, аудандық  кадр  бөлімініңмеңгерушісі,  1 май  колхозыныңтөрағасы,  Жаңарық ауылдық  Кеңесініңтөрағасы,  «Ленин» колхозының  төрағасықызметтерін атқар ған.Осындай  қызметтер  атқара жүріп 1975 жылы зейнеткерлікке шықты. Халық  қалаулысыатана  білген  ол1958 жылдан  Жаңарық  ауылдықКеңесіне депутат  болып  сайланды.Өзі  басқарған жылдары  ауылдыңәлеуметтік  хал-ахуалының  артуына,халқының  мәдени деңгейінің  өсуінеөзіндік  қолтаңбасын қалдырды.  Қандайқызметте  бол-масын  талапшыл,принципшіл,  темірдей тәртібімен  көптітиянақты  жауап-кершілікке тәрбиеледі. Әскери дағдысына сайтәртіпке  бағындыра  білгенпартия жауынгері қарапайым еңбек адамдарына қамқорлық жасауға келгенде жүрегі кең, жаны жомарт еді.
Ауылшарушылығының  дамуына демберіп,  шаруалардың  еңсесінтік-теуіне  қажыр-қайратын  аямады.Ауыл келбетін  ажарландырып,  жасылже-лек ке  көмкеруде  бастамашылдықта-ла бынан  танбады.  Елдіайрандай ұйы ғанауызбіршілікке  үндеді.  Үлкен жүрек  иесіосындай  азаматтың  үлгі-сінензейнеткерлікке  шыққан  соң даажырамады.  Қашан  болсынел тағдырына  келіп  тірелетінмәселелерде ақсақалдықақыл-өсиетін,  төбелі  елге төрелігін  айтып,қоғамдық  жұмыстарға белсене араласты. Әсіресе жастарға жол көрсетіп,бағыт-бағдарын  түзеп  отырды. Мінеосындай  еңбегін  бағалағанелі  де оны ардақтай тұта білді.
Кеңкеудесінде  «Қызыл  жұлдыз»,«I дәрежелі  Отан  соғысы»ордені,  және бірнеше медальдары жарқыраған атамыз салтанаттышаралардың  қонағы  болып, біржасап  қалатын.  Бұладал  еңбек пен  шынайықызметке  деген  құрметтің белгісі.  Перзенттерінқанағатшылдыққа, адалдыққа,турашылдыққа  тәрбиелеген батыр зайыбы Үріш Тұрсынбайқызы екеуі 10ұл-қыз  тәрбиелеп,  оларданнемере-шөбере сүйді. Бүгінде 3 ұл, 7 қыздан 45 немере, 84 шөбере өніп-өсуде. Солардың ортасындажүрген  батыр  анаҮріш әжемізге  Алла  ұзақғұмыр  берсін.  Отан алдындағы  перзенттікборышын  адал атқарған  рухы  асқақ  ӘбенҮржігітовтың азаматтыңперзенттері  түрлі  салада еңбек етуде.
81жасында  дүниеден  өткенба-тырдың  есімін  ұлықтаудымақсат  еткен ауылдастары  олкісінің  атына  көше бергенболатын.  Біз  мақтанеткен ержүрек  жауынгер  туралы  қысқаша жазбаосы.  Әбен  Үржігітовсекілді батырлардың  ерлігі  ұмытболғаныммен ерлігі ел есінен ешқашан өшпейді. Біздің осындай бейбіт күннің куәсі болғанымыз осындай жауынгерлердің арқасы...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
06 мамыр 2020 ж. 895 0