Соңғы жаңалықтар

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Дариға Назарбаева: Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу - абыройлы міндетіміз

Дариға Назарбаева: Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу - абыройлы міндетіміз


Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу - абыройлы міндетіміз. Бүгін сенат отырысында кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір білдірген сенат спикері Дариға Назарбаева осылай деді, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы".

9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы қаулыға қол қойды. Сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтпек.
"Бұл шешімнің дұрыстығына және дер кезінде қабылданғанына сенімдімін. Президенттің қаулысы біздің қоғамның көптеген сұрағына жауап береді", - дейді Дариға Назарбаева.
Сенат спикерінің сөзінше, қазақстандықтар бәрінен бұрын тыныштық, бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылықты бағалайды.
"Сайлауды Қазақстан заңына сай өткізу - абыройлы міндетіміз. Сондықтан сайлауалды кезең – әрқайсымыз үшін үлкен әрі жауапты жұмыстың уақыты", - дейді сенат төрағасы.
11 сәуір 2019 ж. 1 140 0