№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Абай шығармалары балабақшада оқытылуда

Абай шығармалары балабақшада оқытылуда

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музыкалық ертеңгілікті ұйымдастырған орталықтағы «Меруерт» балабақшасында «Таным» білім беру саласы бойынша аудандағы барлық бөбекжайдың әдіскерлері мен тәрбиешілері бас қосты.
Бүлдіршіндер мекенінде бүгінде 90 бала тәрбиеленуде. Елімізде қанат жайған «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттің қолдауына арқа сүйеп бөбектер жайларын ашып, жұмыс жасауға білекті түрініп іске кіріскен жекелеген тұлғалардың тілек-талабы сүйсіндіргенімен, бастама барысы, жұмыс нәтижесі бәрінде бірдей көңілдегідей еместігін мойындауға тура келеді. Неге десеңіз, бала тәрбиесі кез-келген кәсіпкер келістіріп айналдырып кете беретін табыстың көзі емес, тағдырдың өзі. Өйткені ел тізгінін ұстар тұлға баладан өсіп жетіледі.
Бүлдіршін жүрегін бал дәурен шақтан мейірім шапағатына кенелдіріп, еркін ержетуіне жағдай қалыптастыруда хансарайындай құжыраңнан да, құйылып жатқан қаражатыңнан да бұрын аса қымбат, аса қадірлі бір құдырет бар. Ол жүректің жылуы деп аталады.
Асырып айтпай-ақ шынайы бағасын берер болсақ, кеңестік кезеңдегі жалғыз-жарым балабақша қатарында саналып, сан балаусаны бағып-қағып ұшырған қасиетті мекен – Айзада Сақтағанова басқарып келген сол кездегі №2 балабақшаның бүгінгі  тынысынан сол баяғы бала десе барын салатын сабақтастықтың үлгісі әлі үзілмегенін аңғаруға болады. Ғимараты көне демесеңіз ұсынықты күтіммен ұқыпты сақталған көрікті мекеннің қақпасына енгеннен көңіліңізді жаулап алатын бір ерекшелік – «ертегілер әлеміне» енгендей боласыз. Қолдан соғылып, түрлі-түспен боялған ағаш үйшіктер ерекше көз тартады. Жағалай ертегі кейіпкерлерікезек-кезек алдыңнан шығып, бала түгілі үлкенге кем әсер етпейді. Ойын алаңында балаларға арналған заманауи жабдықтар да молынан  қоныс теуіпті. Бұл сыртқы көрінісі. Ғимаратқа енгеннен әр бөлмеден орын тапқан көз тартар бұйымның әрбірі шебер қолдан шыққан шынайы құндылығын мойындатқанын айтуға тиіспіз.
Аталмыш мекемені бүгінде Айзада Сақтағанованың ізбасары Гүлмира Нәбиева басқарады. Білікті маман қарауындағы 90 бүлдіршіннің бағым-күтімінен бөлек тәлім-тәрбиесіне қатаң жауапкершілікті төмендеткен емес. Соның бір көрінісі бүгінгі ұйымдастырылып отырған танымдық кеш деуге болады.
Мерекедегідей безендірілген ғимарат залында 80 бүлдіршін Абай аталарының «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен шырқап, жеткіншектер мекенін саф таза сәби үнінің салтанатымен желкілдетті. Абай әнін бала жастан жаттаған өреннің ойы да, бойы да озық боларын бағамдаған бала бағбандарының әсіресе биылғы Абай жылында жанды шаралар ұйымдастырып, ұлы ақын ұлағаттарын ұрпақ жүрегінде орнықтыруға күш салып келе жатқаны қуантты. Бұл жұмыстарда тәжірибелі тәрбиешілер Күләш Керімқұлова, Жауһар Ысқақовалармен қатар Әлия Жүсіпова, Ақмарал Баттал сынды жас тәрбиешілердің еңбегі айрықша.
Ұжымда құрылған ұлттық-аспаптар ансамблі көркемдік жетекшісі, саз пәнінің мұғалімі Гүлжан Шерубаеваның жанкешті еңбегінің арқасында кішкентай жеткіншектердің жетігенді меңгеріп, ән салуы ғажап әсерге бөледі.
Бақша ұжымы ата-анамен байланысқа зор көңіл бөледі екен. Бала неге бейім, мінез-құлық қағидаларында қандай ерекшеліктері бар, барлығын да ата-анамен бірге келісіп пішіп отырғанды құп көретіні аңғарылды.
Абай шығармаларынан бүгінгі шараға қатысқан қонақтар да тыс қалмады. Оларға ақынның «қарасөздерінен» үзінділер айтуға кезек берілді. Одан әрі әрқайсысы Абай өлеңдерінің көкіректе жатталған жолдарынан жыр оқып беріп, ақын әлемін одан әрі асқақтатты.
Мерекелікертеңгіліккеарнайықатысқаносысаланыңардагері, балалармекенініңқұрылтайшысыАйзадаСақтағановажиыннанзорәсералып, рухтанғанкөрермендердіңбарлығынабірдейАбайкешіненбойтұмардайкөріпжүрсіндепөзіарнайыжасатқантөсбелгілердітартуетті.
Баян ҮСЕЙІНОВА
01 ақпан 2020 ж. 1 121 0