Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «БАЛАҒА ЕҢ ҚЫМБАТЫ – АЙНАЛАСЫ»

«БАЛАҒА ЕҢ ҚЫМБАТЫ – АЙНАЛАСЫ»

Жайылма ауылындағы №195 орта мектеп жанындағы "Зайнаб" шағын орталығының әдіскері Гауһар Ізбанова осылай дейді.

Мамандығы – тіл маманы және психолог ретінде бала өмірін зерттеумен айналысып келе жатқан тәжірибелі тәлімгер ауыл жеткіншектерінің жан-дүниесіне жақын тәрбие элементтеріне баса ден қойып келеді екен. Балабақшада 40 бала қамтылған. Олар "Балапан" және "Бал дәурен" атты екі топқа жіктелген. Бірінде 2-4, екіншісінде 4-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер тәрбиеленуде.
– "Өрлеу" жаңартылған бағдарламаға сәйкес екі топта да оқу қызметі жоспарға ендірілген. "Балапан" тобындағылар сонау сурет салу, ермексазбен мүсін жасау, құрастырғышпен жұмыс және суретті бояуды меңгерсе, мектепалды даярлық тобында әріпті таныту, тіл үйрету, тақпақ жаттату, тағы басқа қиял ұшқырлығы, тіл ұстарту бағытындағы сабақтарға нақты бағыт ұстанамыз. Баланың бейіміне, қабілетіне қарай тану, тапсырма беру талаптары да әрқилы. Өзім шығармашыл ұстаз ретінде баланың зейінін арттыру мәселесінде көп ізденіп, ірі-ірі тренингтерде тәжірибе шыңдаудан жалықпаймын. Тәрбиенің тетігі саналар баланың тілін тапқанда ғана жұмысың нәтиже береді. Осы ретте ауылдың әлеуметтік ахуалынан да аттап кетуге болмайды. Біздің негізгі тәрбиеленушілеріміз – ауыл баласы.
Құны қатты қымбат емес, ауылдықтарға қолжетімді балалар мекенінде тәрбиені қалай қуатты етеміз? Мәселе сонда. Тәрбие ақшамен емес, адамгершілікпен өлшенеді. Ата-ана қалтасына қол сұқпайтын, қарапайым құралдарды тауып, бала өміріне өзгеріс әкелуді армандаймыз. Түсіне білгенге, қоршаған орта ғажапқа толы қазына. Осы тұрғыда "Ойын арқылы бала зейінін дамыту" шығармашылық зерттеу жұмысым журналда жарияланды. Қоршаған ортадан жылт еткен жаңалық іздейтін талабым тәрбиешілерге де ортақ. Мақсатымыз бір. Сол жолда талмай еңбектене береміз, – дейді ағынан жарыла.
Иә, ел болашағы үшін еңбегін адалдап атқарар Гауһар сынды мамандар көп болса қандай жақсы.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
01 маусым 2019 ж. 722 0