№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жиенқұйрық немесе жиенқұрық

Жиенқұйрық немесе жиенқұрық


Қазақ қыздарынан туған баланы " жиен" деп, оларды ерекше еркелетіді. Қанша еркелесе де, əуре- сарсаңға салса да "ИТТІҢ күшігі "деп күле қабылдайды. Жиендер ұнатқан нəрселерің сұрамай əкетсе, "Əлгі күшік тістеп кетті" деп риза болады. Бұл тартудың "Жиенқұйрық " аталу себебі: Ертеден Қайқы атты бидің жақсы көретін ақылды Смет деген жиені болыпты. Смет нағашысына барып: - Ата , маған келесі жылғы төліңізден он қозы беріңіз десе, атасы: Қой құйрығында
 түймесі бар қозы туса саған берем, -депті. Келесі жылы барлық қой түймесі қозы туыпты. Көрген ел: Бұл қалай болғаны? - десе, нағашысы: Бұл түгелімен ЖИЕНҚҰЙРЫҚ - депті. Келесі жылы жиені келіп атасына: "Осы ешкілердің алған төлді маған беріңізші, - депті, жайылып жүрген 20 ешкіні көріп, нағашысы: Жиенжан еркек болса лақтары сенікі, үстіне тағы бір лақ қосып берем, - депті. Келесі жылы 20 ешкі 40 еркек лақ туыпты. НАҒАШЫСЫ сөзінде тұрып, лақтарын беріпті. Лақтарды айдап кетіп бара жатқан жиеніне қарап атасы: Жиен келгенше ауылға, жеті бөрі келсін, - депті. Қазақта жиенге 40 серкеш атау осыдан қалған. Самат бір жылда тағы келіп нағашысына:Келесі жылы бие шұбар құлын туса, маған беріңіз - депті. Құлындаған биеден 40 шұбар құлын туыпты. ҚАЙҚЫ БИ 40 ҚҰЛЫНДЫ жасырып,жиеніне:Ойбай Жиен, биелер шұбар құлын таппады, - деп алдап,жиеніне тана- торпақ беріпті.Жиені,атасының алдағаның біліп, ренжіп кетеді. Көп кешікпей Қайқы бидің малы қырылады. Сол кезде:Жиеннің назасы жаман - депті Қайық БИ. Сондықтан қазақ жиені не сұраса соны беретін болыпты. Ал "Жиенқұрық"- деп атауының шығу себебі нағашысы ауылына келген жиеніне қолына құрық беріп:Өзіне ұнаған малға құрық сал -дейді. Демек ұстаған құрық тиген мал жиені еншісі болған. Көбіне қазақтар "Жиенқұрық"- деп, үйіне алғаш келген жиенге қазіргі заманда қозы-лақ немесе мал атайды. Қазақтар негізінен "Жиенқұрық" тартуы көп қолданады.

Райхан Матаева
23 желтоқсан 2019 ж. 1 420 0