Әлемі көркем қаламгер
1942 жылы 20 желтоқсанда жазушы, драматург Дулат Исабеков Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1966). Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967–1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968–1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971–1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976–1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық редакциялық коллегияның бас редакторы (1980–1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988–1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992–1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып істеген.

Дулат Исабеков есімі аталғанда, оқушылар қауымының есіне «Ата үміті», студенттер қауымының ойына «Қарғын» романы түсері сөзсіз. Тілі майда, сөзі ірі жазушылардың алдыңғы шебінен орын алатын Дулат Исабеков шығармашылығы қазақ әдебиетінде ешқашан қайталанбаған тың туындылар.
Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» атты жинақта 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тілінде аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды.