№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Алаш арысының үйі


1963 жылдың 27 қарашасында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми-мәдени мекеме ретінде «Әуезов үйі» ашылды.
Орталық 1951-1961 жылдары Алматыда жазушының өзі тұрған Төлебаев көшесіндегі 155-ші үйде орналасқан.  Мұнда ол өзінің «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған.  Орталық негізінен, үш бағытта жұмыс жүргізеді: Бірінші бағыты - жазушының өмірі мен шығармашылығы мұрасын жинақтау, оны ғылыми жүйеге түсіріп саралау, жариялау және әуезовтану саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау. Екінші бағыты - мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фото, дыбыс қорларындағы мұраларды ғылыми жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру. Қолжазба қорында 72 мыңнан астам мұрағаттар, сирек кездесетін кітаптар, жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, мұрағаттардан жинаған құнды деректер, жеке басы құжаттары, т.б. бар. Үшінші бағыты – Мұхтар Әуезовтің азаматтық, шығармашылық құқығын қорғау.
Орталық орналасқан мұражай үйі екі қабаттан тұрады, онда 8 бөлме бар. Бірінші қабаттағы кіреберіс, дәліз қабырғаларының жоғары жиектері ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Одан көне түркілердің сегіз бұрышты, көк түсті оюларын байқауға болады. Бұрышта киім ілгіш тұр. Сол жақтағы бірінші бөлме жазушының көзі тірісінде «демалыс бөлмесі» деп аталған.
Онда күйсандық, теледидар, жұмсақ орынтақтар мен журнал үстелі қойылған.
28 қараша 2019 ж. 679 0