20 жыл шығармашылық дағдарыста болған жазушы туралы фильм
Жуырда “Лондон даласы” аталатын фильм сатылымға шығады. Ол жазушы Мартин Эмистің 1989 жылы жазылған туындысы негізінде түсірілген. Негізгі оқиға 20 жыл шығармашылық дағдарыста болған жазушының өмірімен байланысты өрбиді.
Сюжет 1999 жылы Лондонда басталады. Америкалық жазушы Самсон Янг (Билли Боб Торнтон) көршісі туралы кітап жазып, жазушылық мансабына қайта оралуды көздейді. Көршісі Никола Сикс (Эмбер Херд) есімді өте сұлу бикеш өзінің 35 жасқа толатын туған күні жақындаған сайын қорқыныш сезіміне ерік береді. Себебі, сол күні оны біреу өлтіріп кетпек екен. Осылайша Никола өзін өлтірмекші адамды іздей бастайды. Жазушы осы оқиғаны келесі романының негізіне алғысы келеді. Қосымша рөлдерге де Тео Джеймс, Кара Делевинь, Джонни Депп сынды аты шулы актерлер жұмылдырылған. Релиз тамыз айына жоспарланған.
Massaget.kz сайтынан алынған.