№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әр алыптың артында әйел ана тұр!

Әр алыптың артында әйел ана тұр!

«Абай жолы» романын оқыған болсаңыз, сонда мынадай бір үзінді бар: «Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып: - Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр...Сәлем бер! - деді. Абай жалт карап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен.
Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, дереу әкесіне қарай бұрылды» Мына даналыққа қарасаңызшы! Ақылы дария Ұлжан ана оқудағы баласын сағынбады емес, сағынды, аңсады. Бірақ кез келген анаға тән бүкіл сағыныш, уайым, махаббаттың бәрін бір сәтке тұншықтырып қойды да, қоңыр қозысын әкесіне қарай бағыттап жіберді. Әйтпесе, өз баласы ғой, алдымен өзі сүйіп, айналып, толғанып, мауқын алдымен өзі басса да, ешкім оны сөкпес еді. Алайда, Ұлжан «алдымен әкеңе бар» деуі арқылы күйеуінің абыройын көтеріп, әкенің қадірін асқақтатып жіберді. Сөйтіп, әкенің рөлі жоғары екенін, ер адамның қадірі биік екенін бір ісімен-ақ баласына да, айналасындағыларға да ұқтырып жіберді. Иә, том-том кітапқа жүк болатын сан ғасырлық тарихымызда баһадүр бабаларымыздың серігі, ақылына ақыл қоса білген дана әйелдер аз болған жоқ. Ел басына қиын күн туғанда ерін сабырға шақырып, сүйеніш, тірек болған сол аналардың ерлігі халық жадында әлі күнге дейін жаттаулы. Тарихта аты қалған, ақылымен ел билеп, жұрттың қошемет, ықыласына бөленген небір алыптардың артында оларға ақыл қосып, жөн сілтеп отырған аналар тұр. Мәселен, мына бір оқиғаға көз жүгіртіп көріңізші. Домалақ ана - әйгілі Бәйдібек батырдың үшінші әйелі. Шын аты – Нұрила. Бірде қалың жау Бәйдібек бидің ауылын шауып, сан мың жылқысын айдап кетеді. Ол кезде Бәйдібек үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған екен. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила, яғни әйелі Домалақ ана: «Байеке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Алла қаласа, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі-ақ ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», - дейді. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетеді. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермейді. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, Бәйдібек батыр кері қайтады. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте кісінейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Міне, ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек... Осы жердегі Домалақ ананың ісіне мән беріп көрейікші: 1. Ол шамасы жеткенше еріне кеңес айтып, оған көмектескісі келді, бірақ ызаға булыққан би оны тыңдаған жоқ. 2. Тілін алмаған күйеуіне ренжіп, «ақымақ екенсің» деп атқа өзі отырып шауып кеткен жоқ. Үйінде қалды. Өзінікі дұрыс болса да, ақырын күтті. Күйеуіне қарсы келмеді, яғни өз орнын білді. Демек, әйелдікі дұрыс болса да, еркек оны үнемі тыңдауы тиіс, айтқанын орындауы тиіс деп жаңсақ ойламауымыз керек. Ер мен әйел өз орнын, шекарасын біліп, бір-бірінің территориясына өтіп кетпегенде ғана отбасында татулық, тыныштық болады.

21 қазан 2019 ж. 1 661 0