
Жақсының жолы – өнеге
Кешегі күні қанатты сөзге айналған «Милиция – менің қорғаным» деген қалтқысыз сенімнің жауапкершілігін арқалауға екінің бірі тәуекел ете алмағаны анық. Милиция боламын деген ой бұл кісінің де үш ұйықтаса түсіне кірген емес. Өзінен үлкен ағасы Сәрсенбай бұл екі жасында соғысқа аттанған екен, сол күйі хабарсыз...






