Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі

Қазір – инвестицияның, ғылым мен жоғары технологияның уақыты. Бүгінде кез келген елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады. Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома
Бес жылда білім-ғылым саласына салынған инвестиция бес есе өсті
Зерттеу университеттері көбеюде, олардың өндіріспен байланысы нығайып келеді. Қазір 300-ге жуық коммерциялық жоба қолға алынды
Технология парктері және инжиниринг орталықтары құрылуда. Ұлттық Ғылым академиясының беделі нығая түсетін болды. Әр аймақта Ғылым жөніндегі кеңестер жұмысқа кірісті
Ең бастысы, ядролық энергетиканы дамытуға бет бұрдық. Жалпыұлттық референдумда атом электр станциясын салу жөнінде шешім қабылдадық. Шын мәнінде, атом энергиясы – еліміз үшін өте маңызды, қажетті қуат көзі
Атом саласын зерттейтін ғылыми қалашықтар құруға ерекше назар аудару қажет
Үкіметтің міндеті – отандық радиофармацевтикалық препараттарды әзірлеуді және қолданысқа енгізуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ жетекші клиникалар мен университеттер жанынан ядролық медицина орталықтарының желісін құру қажет
Цифрлық шешімдер ядролық нысандардың қолданыс циклін ұтымды басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шығынды азайтып, барлық процестің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Жасанды интеллект аталған мүмкіндіктерді бірнеше есе күшейтеді
Атом энергиясы жөніндегі агенттік атом ғылымын дамыту үшін ұзақ мерзімге арналған ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеуі керек. Құжатта оны қаржыландырудың нақты жолдары көрсетілуге тиіс
Қазақстан жылына шамамен 113 миллион тонна көмір өндіреді, бұл тұрғыдан алғанда, әлемдегі ең ірі он мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл – біздің актив, жетістік, оны дұрыс пайдалануымыз керек
АЭС құрылысында барлық экологиялық норманы сақтау – басты талап
Лайықты ғалымдарды, әсіресе, жас мамандарды қосымша қаржыландыру керек.



