№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» Т

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» Т


Бүгін Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер бойынша семинар кеңес ұйымдастырылды.

Семинар кеңесте аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Мадиярұлы Ахметов, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандыққызы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының тауарларды мемлекеттік сатып алу және талдау бөлімінің басшысы Нұрлан Ермұратұлы Аймаханов және Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Сәдір Ержанұлы қатысты.
Семинар барысында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді. Баяндамашылар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудегі жаңа рәсімдерге тоқталып, тәжірибеде жиі кездесетін мәселелер мен олардың шешу жолдарын атап өтті.

Кеңес отырысында :
• Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген өзгерістер және оның тиімділігі;
• Мемлекеттік сатып алу процесіндегі өзекті мәселелер;
• Мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін заң бұзушылықтар және оларды алдын алу жолдары қаралды

Жиын барысында қатысушылар ашық форматта пікір алмасып, мемлекеттік сатып алу саласындағы тәжірибелік сұрақтарға жауап алды.
26 қыркүйек 2025 ж. 1 527 0