Қауіпсіз ойыншықтарды бірге таңдаймыз

Ойыншықтар қауіпсіздігі Кеден Одағының 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен реттеледі.
Ойыншық таңдау кезінде оның түріне, иісіне, боялуына мән берген жөн. Оны оңай тексеруге болады, ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен сүртіп көріңіз, егер сүлгі немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықтан бас тартыңыз.
Ойыншықтар жасалатын материалдар пайдалануға рұқсат етілген материал болуы тиіс.
Ойыншықтардың қорғаныс-декоративті жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне тұрақты болуы керек. Ойыншық бөлшектері функционалды механикалық ауыртпалықтарға төзімді болуы қажет. Ойыншықтың жиектері, өткір ұштары, қатты бөлшектері, серіппелері, бекітуші бөлшектері, саңылаулары, бұрыштары, баулары, арқандары мен бекіткіштері балаға зақым келтіру қаупін тудырмауы керек.
Ойыншықты таңдаған кезде ойыншықтың үстінен қолыңызбен жүргізіп шығыңыз, онда майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек. Ақырын ғана тартқылап және сілкілеп көріңіз: ойыншықтардың бөлшектерінде берік бекіткіштер болуы керек, қуыршақтардың жасанды шаштары дұрыс әрі қатты жапсырылуы қажет.
Рас, таным-түйсігі қалыптаса қоймаған баланы тәрбиелеуде ойыншықтың алар орны ерекше. Ойынға алданып, жалғыздықтан арылады. Тіпті өзінің сүйкімді қуыршағына бауыр басқан балалар оны түнде де құшақтап жатады. Күні-түні бала қолынан түспейтін қуыршақтардың кейде адам ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол үшін балаға ойыншық таңдағанда мұқият болыңыз.
Егер сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаты болмаса, ондай ойыншықты сатып алудың қажеті жоқ.
Жаңақорған аудандық СЭББ
басшы орынбасары Ж.Нұрсұлтанова



