Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АПВ - Адам папиллома вирусы

АПВ - Адам папиллома вирусы



Адам папиллома вирусы-бүкіл әлемде өте кең таралған, шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустар тобының жалпы атауы. Вирустың 200-ге жуық түрі белгілі, олардың кем дегенде 13-і қатерлі ісіктің дамуына әкеледі.
Көптеген адамдар үшін олар алаңдаушылық туғызбайды, кейбір вирусотиптермен инфекция өте жиі кездеседі.
Вирусты тасымалдаушылардың 90%-да организм бұл инфекциямен дербес күреседі.

Көбінесе инфекция асимптоматикалық болып табылады, сондықтан адамның АПВ бар-жоғын арнайы зертханалық талдаудан кейін ғана білуге болады.
АПВ инфекцияларының көпшілігінде сыртқы белгілер жоқ.
Вирус қауіпті, өйткені ол тез тарала алады, жасушалардың қатерлі ісігінің деградациясының қоздырғышына айналады және нәтижесінде қатерлі ісіктің дамуы болады.
АПВ-ге қарсы профилактикалық вакцинация жатыр мойны обырының дамуын болдырмайды, яғни Адам папилома вирусына қарсы екпе жасау өте маңызды.
Адам папилома вирусын жұқтырған кезде оны толық емдеу мүмкін емес, ал жүргізілетін вакцина оның алдын алады.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға Адам папилома вирусына  қарсы вакцинация жүргізілуде.
АПВ – ға қарсы вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен-жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.
Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын – алудың бірден – бір қорғану әдісі-бұл вакцинация.
Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата-аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
Құрметті ата - аналар келер ұрпағымыздың саулығына мән берейік!
Ж.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары
26 қыркүйек 2025 ж. 680 0