№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Виа – жастық әуенінің жаңғырығы

Виа – жастық әуенінің жаңғырығы


Тақырыбымызды виа-ның өз өңірімізге келу тарихынан тарқатайық.
Аудан мәдениет саласының саңлағы Махмуд Әуезов ағамыз Ленинград мәдениет институты жанындағы эстрадалық студияда оқи жүріп, батыс үлгісіндегі вокалды аспапты ансамбль құрамында тәжірибе жинақтап, елге келген соң осыны жаңақорғанда жаңғыртуды жоспарлайды. Ең алғаш аудандық автобаза мекемесі жанынан эстрадалық ансамбль жасақталады, қажетті аппаратураларды мекеме басшылығы сатып алып береді.
Ансамбль құрамында ағайынды Мұхтар, Асқар Исмайловтар, Юрий Пак, Махмуд Әуезов, Бексұлтан Байкенжеев, Уәли Ибрагимов, Ермек Құланбаевтар болды. Ансамбль 1981 жылы аудандық мәдениет үйі қарамағына берілді. Ансамбль өнерін дамытуда кейінгі толқын ішінде Дүйсен Сыздықов, Әбдірейім Өміров, Қалтай Арқабаевтар құлшына еңбек етті.
Ансамбль өз өнерімен республикамызға танымал болды. 1981 жылы «Алтыбақан» телебағдарламасында концерт қойса, 1987 жылы қарағандыда өткен байқауда жүлделі і орынды жеңіп алды. Осы жылы алматыда өткен телебайқауға қатысты.
1988 жылы «Экспресс» ән-би ансамблі халықтық атаққа ие болды. 1985 жылдан бастап ансамбльге Дүйсенхан Сыздықов жетекшілік етті. Бұл кезеңде ансамбль «Көтеріңкі көңіл-күй», «Кеш жарық» телебағдарламасына қатысты. 1995-2005 жылдары нұржан ержігітов басшылық етті. Біз 2005 жылдан бүгінге дейінгі ансамбльдің көркемдік жетекшісі серік жаңабековты әңгімеге тартқан едік.
– Ансамбліміз дәстүрлі бағытынан танбай, тынбай еңбектенумен көрерменнің зор ықыласына бөленіп келеді. Өзім ансамбльде бас гитарист, Сайран Ділманов клавиште, Уәли Ибрагимов дауылпазшы, Талап Тотаев әнші, хит-топ шоу бағдарламасының авторы, Роллан Бақтыбаев әнші, Гүлнар Ибадуллаева балетмейстер, Кенжебек Ибрагимов, Нұржан Ержігітов музыкалық көркемдеуші ретінде ізденісте жұмыс жасап келеміз. Жетістіктеріміз аз емес, байқоңырда өткен халықаралық «Рок миссия» фестивалінде Роллан мен Талап үздік әнші номинациясын иеленді. 2012 жылы Дүйсенхан Сыздықовтың «Бақ құсы», 2014 жылы алматыда республикалық сарайда өткен Бексұлтан Байкенжеевтің «Сағынып жүрші» деп аталатын шығармашылық кешінде ән салған қазақстанның белгілі әншілерін вокалды аспапта сүйемелдеп, жоғары баға алдық. Астана қаласында өткен «Еңсесі биік Астана» мерекелік концертіне қатыстық. Жанды дауысты насихаттау мақсатында ақтөбеде өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алдық.
– «Экспресстің» ел арасындағы беделін кешегісінен кемітпеу үшін не істеу керек? Қандай жоспарларыңыз бар?
– Эстрадамыздың даму қарқыны батыстың деңгейінен кем емес. Замана талабы солай. Сол үшін үнемі ізденіп, замана ырғағына бейімделіп отыруға тырысамыз. Қазірде Дүйсенхан Сыздықовпен тығыз шығармашылық қарым-қатынаста жұмыс жасап келеміз. Эстрада жанрының ритмі өзгеше, әсері де бөлек. Сондықтан сырлы лирикаға толы дәстүрлі әндерді де эстрадалық үлгіде әрлеп, тыңдарман жүрегіне жеткізуге тырысамыз. Алайда әннің негізгі әуенін, бастысы сөзін бұзып айтуға болмайды. Әннің бояуы сақталуы тиіс.
– Виа-лардың өміршеңдігіне сенуге бола ма?
– Эстрадаға көңіл қоймайтын адам жоқ. Гитараны үйренуге деген ұмтылыс бұрынғыдай емес. Бұрын гитараға екінің бірі құмартып, меңгеріп алуға талпынатын. Оны абырой, артықшылық санайтын. Осы деңгейде өнердің өрісін ашуда ізденістеріміз көп. Жақында жергілікті жердегі гитаристердің басын қосып, байқау ұйымдастырдық. Оған облыс аудандарынан «ритм», «мелодия», «қармақшы», «арал» тобы келіп бақ сынаса, өз ауданымыздан  Қожакент, Аққорған, Өзгент, Бесарық өнер топтары қатысты.
Серік осылай дейді. Жетпісінші жылдардан бастап эстраданың желкенін желбіретіп, жалауын тік көтерген өнер өкілдерінің жанкешті еңбегі жанып, алдағы уақытта да асқар шыңдарды бағындыра береріне сенгіміз келеді.

Баян Алаудинқызы.
13 мамыр 2019 ж. 866 0