№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » МЕРЕЙТОЙЛАР ТОҒЫСЫ

МЕРЕЙТОЙЛАР ТОҒЫСЫ


Жуырда Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде елдіктің, мемлекеттіліктің нышаны болған Астана мен Қызылорда қаласының және Жаңақорған ауданының мерейтойлық мәртебесіне арналған «Жаңақорған әуендері» атты ән фестивалінде ауданнан түлеген композиторлардың туындысы шырқалды.
Салтанатты шара шырайы келтіріліп безендірілген киелі сахнада өнерпаздардың прологымен басталып, үш мерейтойдың маңыздылығы айтылды. Кешті аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Әйтбембет алғы сөзбен ашып, елдің мемлекет болып қалыптасу барысындағы асқан асулары мен бағындырған белестеріне тоқталып, Елбасының идеясымен іргесі қаланған Астана Тәуелсіздіктің символына айналғанын тілге тиек етті.
– Жаңақорған ауданы бойынша 2018 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызға ие 75 шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде бір халықаралық, тоғыз республикалық, 21 облыстық байқау бар.
Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік орнығуы мен ұлтымыздың қыран ұшқан биікке көтерілуі соның айғағы. Елорданың әлем көз тіккен ғажайып қалаға айналуы Елбасының теңдесі жоқ батыл шешімі мен ерлігі, жемісі мен жеңісі екені хақ. Астана күнінің мемлекеттік мереке деп жариялануының танымдық, тәрбиелік тұрғыда мәні өте зор. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа Елорданы ұлықтау арқылы біз жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштік қасиетті терең бойлатып, елге деген сүйіспеншілікті арттыра түсеміз, – деді шараның ашылуында Бақытжан Ерманұлы.
Ән фестивалі «Жайна Астана» әнімен шымылдығын ашып, «Экспресс» ансамблі композитор Дүйсенхан Сыздықовтың «Жаңақорған», «Қызылорда» әнін шарықтата орындады.
Одан әрі ауданда 2016 жылы сұлу Сыр бойындағы тарихы терең Жаңақорған жерін ән құдіреті арқылы ұлықтау, келер ұрпақтың жадына лайықты ән-мұра қалдыру мақсатында өткен «Жаңақорған әуендері» атты республикалық композиторлар конкурсында үздік деп танылып, тұсауы кесілген жаңа әндер көрермен назарына ұсынылды. Солардың қатарында енген Шерхан Ашимов пен Мәдениет Тотаевтың сөзіне және Мұхит Мамуовтың әніне жазылған «Жаңақорған әні шырқалды. Сондай-ақ, жаңақорғанды жыр етіп, әнге қосқан қаламгерлер мен сазгерлерді атасақ, Адырбек Сопыбеков, Ерлан Ысмайылов, Құлахмет Нәлтаев. Сазгер Шәрбану Жиенбаева мен ақын Әбілхайыр Сыздықовтың «Туған өлкем – Жаңақорған» туындысы шараның маңызын арттыра түсті. Ал, белгілі қаламгер Адырбек Сопыбековтың «Бақыт қонған Жаңақорған», «Жаңақорған – жаннатым» өлеңінен ән тапқан сазгерлер Оразғали Бидашев пен Талғат Рамазановтың әндерін орындаушылар көрермен жүрегіне жеткізп, көпшілікті рухани шаттандырды.
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған адандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев салтанатты шарада белсене атсалысқан Сайранбек Ділманов, Кенже Әкімбаева, Ролан Бақтыбаев, Лаура Андриасян, Әйткүл Камалова, Әзиз Тасболатов, Жәнел Мұса, Гүлнәр Әбдіразақова, Нұрлан Дүйсебаев, Рашит Ертаев, Мейрамбек Мырзахметов, Олжас Ормахан мен «Экспресс» ансамблін аудан әкімі және «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары атынан «Алғыс хатпен» марапаттады.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
20 ақпан 2018 ж. 1 361 0