Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 57

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » БӘДЕН АЙСЫНОВТЫҢ БИІГІ

БӘДЕН АЙСЫНОВТЫҢ БИІГІ


Аудандық білім бөлімінің тапсырмасымен патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында "Тарих мұрасы" атты акцияның апталығының алғашқы күні өтті. Бұл акция рухани жаңғыруды сипаттау жəне патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақтың санасына туған жеріне, еліне деген құрмет пен сүйіспеншілік сияқты мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, туған жерге еңбегі сіңген ұлы азаматтардың еңбегімен танысу жəне оларды үлгі тұту мақсатында болды.

Акцияның алғашқы күнін драма сыныбының мұғалімі Ерсултан Мустафаев жəне домбырамен əн салу сыныбының мұғалімі Медеу Төлеубаев өз оқушыларымен бірге "Өмірім-өнерім" тақырыбында жергілікті өнер жəне мəдениет майталманымен кездесу ұйымдастырылды. Олар кездесу кешіне ауылдық мәдениет үйінде жергілікті өңірге танымал, Әлшекей халық ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, әрі дирижёрі, күйші-композитор, өз мектебіміздің ардагер ұстазы Бәден Айсыновты шақырды. Кешті оқушылардың өздері жүргізіп, Бəден ағаймен өздері сұхбаттасты. Кездесу вокал сыныбының мұғалімі Олжас Ормаханов "Ұстазым" əнімен ашылды. Содан соң күйші-композитордың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, халық музыкасының мұрасын насихаттауға арналғанын айтты. Сондай-ақ көпшілік қауымға балалық шақтың бал дәмін, студенттік шақтың қызықты сәттерін, қызмет жолындағы қиыншылықтары мен қуаныштарын айтып, өскен ортасы мен туған жері туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. 
Б.Айсынов қызмет жолының алғашқы кезеңінде аталған мектептің құрылуына өз үлесін қосып, осы сәттен бастап мектепте ұстаздық ете жүріп, өзі мектепті отыз жылдай басқарады. Әлшекей ұлт аспаптар оркестрі мен Айсыновтар жанұялық ансамбілін құрады. Өз отбасының да ұл-қыздарын өнерге баулиды, тіпті отбасымен бірге барған түрлі байқаулардан үнемі жүлдемен оралып келді. Сонымен қатар, сабақ бере жүріп, өз күйлерін шығара бастайды. Күйлері аудандық, облыстық, республикалық байқауларда үздік деп танылған. Бәден ағайдың өмірінен бір сәттік деректі фильм мен суреттерден құралған слайдтар көрсетілді. Сұхбат арасында Медеу Төлеубаевтың біршама термелері мен композитор шығармаларынан аудиожазбалар тыңдалды. Кеш барысында күйші-композиторға бірнеше сұрақтар қойылды. Ал күйші-композитор ешқандай сұрақтарды жауапсыз қалдырмады. Сұхбаттасқан оқушылар мəз болып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, соңында Бəден ағайдан кəде сый мен бата сұрады.
19 ақпан 2018 ж. 1 729 0