№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » 91 ТОБЫ "ЖЫЛ ТАҢДАУЫ" АТАНДЫ. АЛ, ӘБДІЖАППАР ШЕ?

91 ТОБЫ "ЖЫЛ ТАҢДАУЫ" АТАНДЫ. АЛ, ӘБДІЖАППАР ШЕ?

Дәстүрлі өтетін қазақ әншілерінің басқосуында жүлдесіз қалған Әбдіжаппар Әлқожа желіде пікірін қалдырды. Ол жыл таңдауларын кекете, бәріне алғыс айтты, деп жазыпты Стан.кз тілшісі. 

“Мен жыл таңдауына лайықты емес екенмін. Осы жылы түк бітірмеппін ғой. Фонограммамен айту керек екен ғой. Мотивация үшін рахмет, жыл таңдаулары”, – деді әншінің өзі.
Желі қолданушылары әншіге қолдау айтып, ниеттестік білдірді.
“Әлі талай жүлдеге ие боласың. Сені бәрі жақсы көреді”, Еңсең түспесін, өз тыңдарманың бар” деп жазды олар.
Айта кетейік, ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған “Жыл таңдауы-2018” концертінде жүлделі болған әншілер жайлы аз-кем жазған едік.
Биылғы үздік ән, бейнебаяндары үшін бірқатар әнші марапатталды. Атап айтқанда, Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова, “Жігіттер” тобы, Ғаділбек Жанай, Айдана Меденова, Бейбіт Қошқалиев, Ұлықпан Жолдасов, Мәдина Сәдуақасова, Арман мен Аша т.б. әншілер  жүлделі болды.

Алайда, көптің ашуын тудырған қарапайым қазақтың Әбдіжаппары емес, 91 тобының жыл таңдауы атанғаны болды.
02 желтоқсан 2018 ж. 2 007 0