№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Роза Әлқожа: Әбдіжаппардың ән айту стилін түсінбеймін

Роза Әлқожа: Әбдіжаппардың ән айту стилін түсінбеймін


Әнші Роза Әлқожа туған бауыры Әбдіжаппардың вокалдан сабақ алмайтынын жеткізді. Әпкесі жас әншінің салмақты ән айтқанын қалайды екен. Бұл жайында әншінің өзі 
Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Роза Әбдіжаппардың сахнадағы ән айту стилін түсіне алмайтынын жеткізді. Себебі, өзіне бұл бағыт тым жеңіл көрінеді екен.
«Мен енді оның стилін түсіне алмаймын. Шынымды айтайын. Басында имани, салмақты әндермен шығарған едім. Кейіннен «Жүрекке әмір жүрмейді» деген ән жаздырып бердім. Соны билеп айтты. Негізі эстрада цирк колледжіне түскен кезде Талғат Теменов оның би билеу пластикасын жоғары бағалап оқу орнынан қабылдаған болатын», – дейді әнші.
Отандық телеарналардың біріндегі бағдарламада белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев Әбдіжаппардың әндері тым жеңіл, той әндері деп сынаған болатын. Бұған жауап ретінде Роза да бауырын жақтап өзінің фейсбук парақшасына пікірін білдірген еді.
«Бағдарламада қазылар-алқасы оның ішінде Мейрамбек ағамыз да бар, «Әбдіжаппарға біз сен сияқты ән айта алмаймыз», – дейді. Соны естіген соң эмоцияға беріліп кетіп, өздері айта алмайтын қазылардың алдында ән айту да қызық қой деп айтқаным бар еді. Сол пікірімді фейсбук парақшасына жазғанмын. Бірақ, артынан Мейрамбек телефон шалып, бағдарламаны қайта қарап шығуымды өтінді. Мейрамбектің пікірінше: Әбдіжаппардың дауысы бір жақта, домбырасы бір жақта өте нашар өнер көрсеткен көрінеді», – дейді әнші Роза Әлқожа.
Әбдіжаппар Әлқожаның соңғы уақытта жарыққа шығарған «Махаббатсыз өмірді кім сүрмек», «Тәтті ару», «Алданып қалма» атты әндері хитқа айналғаны белгілі.
«Әбдіжаппарға әлі күнге дейін айтамын, халық әнін айтшы деп. Ән қоржынын салмақты әндердермен көбейткенін қалаймын. Оның әндерін жас та, үлкендер де сүйіп тыңдайды», – дейді әнші Роза.
20 маусым 2018 ж. 1 767 0