Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Мен өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!



Мен өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын арман үшін,
Арман үшін салып жүр адам күшін.
Мақсатыма жеткенімше тоқтамаймын,
Мың құбылар өмірімде қанша ісім.

Мен өмірді қалаймын, қабылдаймын
Білімменен әр кезде жалындаймын.
Жаман болсам өмірімде о жаратқан,
Екінші рет өмір бер деп жалынбаймын.

Мен өмірде түсінбеймін байларды да,
Өмірің ақшаменен байланды ма?!
Тартып жүрген темекің пайда беріп,
Есірткімен көңілің жайланды ма?

Ұрттап алсаң есірткі асың болды,
Қой дегеннің барлығы қасың болды.
Отбасыңды өзіңе жақын тұтпай,
От басыпсың барлығына сілтеп қолды.

Осылайша өтесің өмірден де,
Түсінерсің көрде жатып көмілгенде.
Абыройың, ақшаңменен денсаулығың,
Бәрі бітер есірткіден жеңілгенде…

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, 163 орта мектебінің 8”Г” сынып оқушысы Құрбан Сезім
Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Смат Айгерім Ибрагимқызы
06 қараша 2024 ж. 1 000 0