№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ерекше балаға ерекше күтім керек

Ерекше балаға ерекше күтім керек

Фото:Pinterest 
Кейінгі уақытта дамуы төмендеген балалар саны күрт артты. Оған түрлі факторлар себеп болуы мүмкін. Осындайда балдырғанның дамуынан кінәрат байқаған ата-ана не істеу керек? Сәбиіне алғашқы көмекті қайдан алады? Біз осы тақырыпты тарқатып көрдік.
үзету кабинетінің (ППТК) жұмысына тоқталсақ. Арнайы кабинет 2004 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Мекеме басшысы Шынаркүл Есалықызының айтуынша, бүгінде орталықта балалармен 8 маман жұмыс жасайды. Атааналар баласын Шиелі ауданындағы педагогикалық медициналық-психологиялық консультация орталығының қорытындысымен тағайындалған жолдама бойынша аталған орталықтың емін ала алады. Балалар арнайы мамандардан аптасына екі рет бір жарым сағаттан ем алады.
– Біздің кабинеттің негізгі мақсаты – ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және түзету, оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Естуі мен көруінде, сөйлеуі мен тірек-қозғалысында қиындықтар бар балалар мен эмоционалды-ерік саласы бұзылған, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, мінез-құлқында қиындықтары бар балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында түзетупедагогикалық көмек болмаған жағдайда, сондай-ақ, орта білім беру ұйымдарында тіркелген, бірақ үйде түзетупедагогикалық көмек болмаған жағдайда ата-аналар ППТК көмегіне жүгіне алады. Қазір орталықта жұмыс жасайтын әр маманның өзіне жүктелген нақты міндеттері бар. Мәселен, олигофренопедагог ақыл-ойы дамымаған балалармен түзету жұмыстарын жүргізсе, мұғалім-логопед тілінде мүкісі бар, немесе сөйлеуі кешіккен балалармен жұмыс жасайды. Ал емдік денешынықтыру маманы өскіндердің тірекқимыл жұмысын қалыпқа келтіретін жаттығулар жасатса, сурдопедагог есту қабілетінде ақауы бар және имплант қойылған балаларды жаттықтырады. Сонымен қатар, тифлопедагог көру қабілеті нашар балалармен, дефектолог баланың дамуындағы кедергілермен, психолог баланың қоғамға араласуымен жұмыс жасаса, әлеуметтік педагог балалардың қоғаммен етене араласуына атсалысып, ерекше баласы бар ата-анаға заңдылықтарды түсіндіріп, кеңес жүргізіп отырады, – дейді Шынаркүл Тұрсынбаева.

Маманның айтуынша, қазір аталған орталықта 81 бала тіркеуде тұр. Оның 3-іне дауна синдромы, 5-іне аутизм диагнозы қойылған, 5 баланың есту қабілеті төмен, 5 баланың көруі нашарлаған. Қалғандарының бәрінде тілі кеш шығу мен басқа да қалыптты даму бұзылысы көп. Жас шамасына келсек, кішісі бір жарымда, үлкені 8 жаста екен.
– Жалпы, аудан бойынша ерекше балалар саны өте көп. Бізге тек 8 жасқа дейінгі тіркелген балалар ғана келеді. Ал мектеп жасындағы балалар мектептегі дефектологтар мен логопедтерден, психологтардан көмек алатын болғандықтан біздің орталыққа келмейді, – дейді ол.
Маман сөзінен ерекше балалардың ауданда аз емес екенін білдік. Соның ішінде аутизм синдромы диагнозы қойылғандар жиілеп кеткен. Дегенмен, арамызда аутизмді ауруға жатқызбайтын, оның адамға берілген ерекшелік екенін алға тартатындар да кездеседі. Алдымен осыған тоқталсақ. Аутизм синдромына ұшырағандар көп пе? Мәліметтерге сүйенсек, әлемде аутизмге ұшыраған балалар саны күн санап артуда. Мәселен, АҚШ-тағы Орегон мемлекеттік университеті жүргізген зерттеу нәтижесінде, 2000 жылы аутизм диагнозы 150 баланың біреуінде кездессе, бүгінде әр 45-ші бала аутизм спектрінің бұзылуына ұшыраған. Қазір жаһанда 69 миллион адам аутизм дертіне шалдыққан деген дерек бар.
Бұл диагноз қыздарға қарағанда ұл балаларда 6 есе жиі кездеседі екен. Біздің мемлекетте соңғы бес жылда аутист балалардың саны екі есеге артқан. Деректерге зер салсақ, бүгінде елімізде ерте жастағы аутизммен тіркелгендер саны 1052- ден аса, мектеп жасына дейінгі 4331 бала, 6 жастан 18 жасқа дейінгі 6704 бала ауырады. Сонда, Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар саны 12 мыңнан асады деген сөз. Алайда олардың нақты саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі, АҚШ-тың Орегон мемлекеттік университетіндегі Аутизм институтының ғалымы Эрик Фон Бон «Қазақстанда 59 мың бала аутизмге шалдыққан» деген мәлімдеме жасаған. Аутизм дертін қалай аңғаруға болады? Мамандар аутизмге ми дамуының бұзылысы ретінде қарап, баланың ортамен әрекеттесуінің қиын болатынын, айтылған сөзге мән бермей, қарым-қатынаста шектеулі бір әрекеттің қайталай беретінін алға тартып, ауытқу деп сипаттама береді. Аутист балаларды өзін-өзі ұстауы мен мінез-құлқына қарап аңғаруға болады. Олар көзге тіке қарамайды, үлкендердің құшып-сүйген, еркелеткен қамқорлығын қажет етпейді, қарны ашқаны мен бір жері ауырғанын сезбейді.
Аутист бала назарын бір жерге тоқтата алмайды, айтқан сөзге мән бермейді, сұраққа жауап бермейді, есімін атап шақырсаң қарамайды. Мұндай жағдайда ата-ана баласының құлағы естімейді деп күмәндануы мүмкін, дегенмен дәрігер тексерісінен кейін балаға нақты диагноз қойылады. Дерттің дендеуіне не себеп? Швейцар психиатры Эйген Блейлер 1912 жылы медицинаға «аутизм» терминін енгізіп, адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйін аутизм деп атаған. Кейіннен америкалық психиатр Лео Каннер аталған ауруды кәсіби тұрғыда зерттеп, бұл ми қызметінің бұзылған ауру түрі екенін дәлелдеген. Ал 1960 жылдары ми қызметінің бұзылуы салдарынан әлеуметтік қарымқатынасқа түсе алмайтын балаларға арнайы көмек көрсету жүйесін алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдері қолға алып, арнайы орталықтар аша бастаған. Ресей ғалымдары уақытында көрсетілген арнайы көмектің арқасында аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызының отбасында бейімделуге мүмкіндіктері бар деп тұжырым жасайды. Тиісінше, түзету жұмыстары жасалмаса, балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды екен. Демек, ерекше балалармен көбірек жұмыс жасау олардың оңалуына оң әсерін тигізеді. Аутизм белгісі бар адамдар 1980 жылдардан бастап күрт өскен. Зерттеушілер аутизмнің пайда болуына нақты қандай фактор әсер ететінін дөп басып айта алмайды. Ғалымдардың бір тобы аутизмнің себептері мидағы синаптикалық байланыстардың жетілуіне әсер ететін гендермен тығыз байланысты дейді. Сондықтан генетикалық факторлардың маңызы зор. Биолог ғалымдар аутизмнің тұқым қуалау арқылы тарайтынын алға тартады. Алайда тұқым қуалау арқылы тарау механизмі толық белгісіз, өйткені аутизм белгілерінің дамуы гендік топқа байланысты. Әйел жүкті кезде күйзеліске жиі ұшыраса, аутист бала өмірге келуі мүмкін екенін де дәрігерлер жоққа шығармайды. Ал психоаналитиктер баланың алғашқы даму кезеңіндегі ата-ананың эмоциялық салқындығы сәбидің аутизмге ұшырауына себеп болады дейді. Соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелері аутизмге ұшыраған балалардың тумысынан миының дамуында кінәрат бар екенін көрсетіп отыр. Яғни, мидың бір бөлігі өте жақсы, екінші бөлігі нашар дамиды. Мамандар аутизмге шалдыққан балаларды екі категорияға бөледі. Біріншісі, ақыл-есінің дамуы қалыпты, бірақ адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмайды. Ал екіншісі – ақыл-есінің дамуы артта қалған балалар. Дерттің шипасы бар ма? Аудандағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы Шынаркүл Есалықызының айтуынша, аутизммен ауыратын балалардың 90 пайызында сенсорлық интеграциясы бұзылған.
– Баланың миы келіп түскен ақпараттарды қабылдамайды. Өйткені, миының сенсорлы жүйелері дұрыс жұмыс жасамайды. Көбінесе мұндай балалардың миы қауіпті сезбейді, олар сырттан келген ақпараттардан қорғанады. Мәселен, дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті аутист бала қорғануға жұмсайды. Сол себепті олар өзімен-өзі отырғанды жақсы көреді, ешкіммен қарым-қатынас құра алмайды. Әлемде аутист балаларға арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі қалыптаспаған. Аутизмді әр ел өзінше емдейді, соған қарай әдістемелік негіздері де әртүрлі. Жиі кездесетіні – мінез-құлықтық емдеу. Сондықтан біз осындай балаларды қоғамға сіңісіп кетуіне, айналасымен қарымқатынасқа түсіп үйренуі жолында жұмыс жасаймыз. Осы әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгеріп, кейін орта, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруы мүмкін, – дейді ол. – Аутист диагнозы қойылған балалар үнемі бақылауда болуға тиіс. Жалпы, аутизмнің белгілері баланың 3-4 айында-ақ білінеді. Ең алғашқы белгілеріне баланың анасымен байланыс орнатпауы, уілдемеуі, күлмеуі жатады. Кей балалар себепсіз қатты жылайды немесе астын бүлдіріп қойса да сезбейді. Жасқа толған сәби көзге тіке қарамаса, есімін атағанда мойнын бұрып қарамаса, басқа балалармен қосылып ойнамаса, әке-шешесіне жақын болмаса алаңдауға негіз бар. Мұндай балалар анасы кетіп бара жатса да, өзіне жақындап келе жатса да реакция көрсетпейді. Анасымен ойнауды, оны құшақтауды білмейді.
Егер ата-ана баласынан осындай өзгерістерді байқаса, дер кезінде дәрігерге көрініп, емді ерте бастауы керек. Бала емді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тәуір болуына мүмкіндік көбейеді, – дейді балалар психологі Айнұр Маханова. Маманның айтуынша, аутистер біз естімейтін дыбыстарды естиді. Сол себепті ол балалар кейде құлағын жауып мазасызданады. Ал кейде бақырып жыласа, өзінен-өзі жүгірсе, ата-анасына бір нәрсені жеткізе алмай тұрғаны. Мұндай балалар бір іс-әрекетті қайталай береді. Мұны «стим» деп атайды. Қазір үй жағдайында 1-3 жас аралығындағы баланың бойында ауытқушылықты анықтайтын M-CHAT-R тесті бар. Оны Ұлыбритания ғалымдары ойлап тапқан, кейін америкалық ғалымдар толықтырған. 20 сұрақтан тұратын тест өте жеңіл. «Иә» және «Жоқ» деген жауабы ғана бар. Ата-ана сұрақтарға жауап бере отырып, ұпай санына қарап, баланың бойында ауытқу бар-жоғын біле алады. 2-3 сұраққа «иә» деп жауап берген жағдайда дабыл қағып, баланы тиісті маманға тексерту керек. Қазір кеш сөйлеу балалардың арасында жиі кездеседі. Баланың бойындағы мұндай өзгеріске ата-ана көз жұма қарап, бұл аутизмнің бір белгісі екенін ескермейді. Бала 5 жасқа толар кезінде өзге де ауытқу барын байқап, медицина мамандарына жүгінеді. Бірақ бұл кезде баланың қалыпты өмірге бейімделуіне кеш болуы мүмкін. Аутизмді балалар психиатры анықтайды. Мамандардың сөзінше, аутизмге шалдыққан балалардың аурудың деңгейіне қарай ем нәтиже берді. Оның жеңіл және ауыр түрлері болады. Дегенмен, аутизмнің жоғары деңгейіне шалдыққан балалардың есте сақтау қабілеті мықты болады деген де ақпарат бар. Бірақ бұл өте сирек кездеседі.
Тарихқа зер салсақ, аты аңызға айналған Леонарда до Винчи, Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн секілді таланттар – аутизмнің осы жоғары деңгейіне шалдыққандар деген ақпарат бар. Дәрігерлердің пікірінше, әзірге аутизмді емдеп жазатын дәрі пайда болған жоқ. Оны емдеудің бір ғана жолы – тұрақты ем алу. Сонымен қатар, қоғам тарапынан ерекшелігі бар жандарға жылы көзқарас керек. Сонда ата-аналарға да жеңіл болмақ. Өйткені, психологтар депрессиядағы атаананың өзіне психологиялық көмек керек екенін айтады. Ерекше баланың ата-анасы болу да оңай емес.
– Кейде балалар түзету кабинетіне ештеңе білмей келеді. Мәселен, 4-5 жасар баланың дамуы 7-8 айлық баланыкіндей болады. Емдеу барысында біз балаға сөйлеуді, өзін қалай ұстауды үйретіп, қоғамға бейімдейміз. Үйдегілер ерекше баланы дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы керек. Соңғы жылдары аутист балаларға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп жатыр. Бұл бізді қуантады. Аутист бала тәрбиелеп отырған ата-ана ешкімнен ыңғайсызданбаса, қысылмаса деймін. Баланы емдеу орталықтарына алып келіп, бірге жұмыс жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ата-ана өзіне және баласына сенуі керек, – дейді ППТК дефектологы Динара Шөкеева.
Соңғы уақытта педагог-психологтар ата-аналардың балаларымен сөйлеспейтінін, соның салдарынан өскіндерде түрлі ауытқулардың пайда болып жатқанын айтып дабыл қағуда. – Ата-ана үнемі баламен байланыста болуы керек. Баланың алғашқы ұстазы да, емшісі де ата-анасы. Өйткені ол баласының туғаннан қалай қалыптасып келе жатқанын білетін басты адам. Баламен көп сөйлескен дұрыс. Ата-анасы бір нәрсе жасап жатса, соны балаға түсіндіруі керек. Ең қарапайымы, ойыншықпен қалай ойнауды көрсетіңіз. Өйткені, өсіп келе жатқан сәби үшін айналаның барлығы қызық, әр сәт маңызды, – дейді «Балғын» балабақшасының психологі Меруерт Өскенбай. Иә, бала – бауыр етің. Жарық дүниеге әкелгеннен кейін өміріңді жалғар ұрпағыңның дені сау болғаны маңызды. Алайда, аурудың айтып келмейтіні тағы бар. Бастысы, баланы дер кезінде тексеруден өткізіп, денінің саулығы мен болашағына аса байыпты болған жөн.
Айсұлу Алданазарова
13 қазан 2024 ж. 483 0