Жеке мектептер Желісі Жемісін бере ме?
Соңғы уақыттары білім мен бәсеке мәселесі бөлежарғысыз бірге айтылатын болды. Бұған ауылдық жерлерде де жеке мектептердің ашылуы себеп болып отыр. Бір ғана Жаңақорған ауданының өзінде жаңа оқу жылында жеке білім ошағы тағы да артып, барлығын қосқанда 9 мектеп ынталы шәкірттерді қабылдап, жұмысын бастап кетті.
Бұл жерде көпті толғандыратын сұрақ біреу. Енді мемлекеттік мектептердің жағдайы қалай болады? Ата-ана кезінде өздері білім алған, тәрбиелеп ұшырған қасиетті шаңырақ санайтын қараорынның хал-ахуалына осылай алаңдағаны дұрыс шығар, бірақ замана талабына келсек, бұқараны одан да бұрын бауырындағы ұлы мен қызының жағдайы толғандыруы тиіс. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен ұстаз еңбегін ұлықтауды мақсат ететін «Мұғалім мәртебесі» заңының қабылдануы, ең алдымен олардың әлеуметтік жағдайын көтеруді мақсат еткені жасырын емес. Мұғалімнің айлық жалақысының жыл сайын көтеріліп отыруы, түптеп келгенде болашақ біліміне жасалған қамқорлық деп түсінгеніміз жөн. Осыны жанымен сезініп, ұшы-қиырсыз ізденісіне құштарлықпен қанат байлаған нағыз ұлағат иелері бар да, жалақысының артуы асып кеткенде өзінің қарақан басының ғана дәрежесін көтеріп, отбасында айтқаны жүріп, әмірі артқаннан басқа еш өзгеріс бермеген жандарды да, өкінішке қарай аз кездестірмейміз. Әсілі, Алаштың аяулысы Ахмет Байтұрсыновтың «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген ақиқат сөзі неше заманалар өтсін мәнін жоймайтынын ұмытып кете жаздаған екенбіз. Бұған бүгінгідей білім беру жүйелеріндегі бәсекелестіктің артуы жағдайында оның мағынасына айқын көз жетіп келеді. Неге екенін, білім көкжиегінде бәсекелестіктің тууына жол ашып отырған жеке мектептер туралы жағымсыз пікірлерді әлеуметтік желіден жиі көзіміз шалып қалып жатады. Сондағы пікірлерді сараптай келгенде ұққанымыз, сана-сезімімізді жеке кәсіпкерлік атаулының түпкі мақсаты – пайда табу, қалта қамы деген түсініктің шырмап алғандығынан кейде байыбына бармай байбалам салуға бейім тұратынымызды мойындамасқа әддіміз жоқ тәрізді. Жаңа айттық қой, жеке атаулыға қырын қабақ танытып желкеміз құрысып қалады деп, мүмкін сондықтан жұмыс істеп келе жатқанына үш-төрт жылдың көлемі болған жеке мектептер жағдайына бір дұрыс көңіл бөліп зерттепзерделеуге атүсті қарап келіппіз. Өздерінше әрекет етіп, қарамағына бала тартып нарық жағдайына нанталап етіп жатқан білім ошақтары осы үш жылда едәуір тәжірибе түйіп, мазмұн қалыптастырып та үлгерді. Сондағы өздерінің де көз жеткізген тұжырымы біреу – мектептің беделін бекемдейтін ең басты тірегі де, Ахаңша айтқанда, мектептің жүрегі де – тек мұғалім. Бала жүрегіне білімнің сәулесін егетін ұстаз қадірі, яғни сапалы кадры қалыптаспаған жерде іші-сыртын алтынмен аптап, күміспен күптеп қойсаң да мектептің тынысы тоқтайды. Білім бәсекесінің заманы оқу ошақтарын осы жағдайға әкеле жатыр. Жаңа оқу жылында Білім күніне орай алғашқы қоңырау салтанатына шақырту алып, орталықтағы «Зерек» жеке білім ошағына жолымыз түсті.Дәстүрлі мерекелік шарадан соң оқу орны ғимаратының іші-сыртын аралап, білім ошағының жай-жағдайымен танысқанда көз жеткізгеніміз, орталықта бұл өңірдің балалары бұрын-соңды көріп-білмеген жағдайдың жасалып қойғанына әуелі таңырқағанымызды да жасырмаймыз. Толық жағдайда жабдықталған пәндік кабинеттерді былай қойғанда, спорт залының өзі бірнешеу екен. Стол теннисі залы, арнайы жұмсақ кілеммен жабдықталған дзюдо залы, мектеп ішіндегі атшаптырым тағы екі спорт залынан бөлек сыртта ашық алаңда газон төселген футбол алаңы балалар игілігіне дайын тұр. Көз алдыма өз балаларымның он жыл орталықтағы спорт залы салынбаған мектепте оқып, жаңбыр жауса, қар жауса, добын құшақтап, көздері жәудіреп сыныпта қамалып отыратын жағдайы оралды. Ол кезде мұндай мектеп таңдауға мүмкіншілік болған жоқ. Денешынықтыруды, пайдалы үйірмелерді жинап қойғанда екі ауысымда оқитын мектептерде қосымша сабақ оқытуға сынып бөлмелері жетіспейді, жағдай мүлдем жоқ, баласын ҰБТ-ға дайындау үшін ата-ана ақысын төлеп, мұғалім жалдап, үйде оқытқан не сән. Міне, мемлекетімізде осындай тапшылықты жою мақсатында барлық қамқорлықтар жасалып жатыр. Ауылдық жерлерде апатты мектептерді жаңадан салып, тіпті үш ауысымға дейін оқуға мәжбүр жағдайлар жедел ретке келтірілуде. Жеке мектептердің ашылуына да ықыласты саясаттың астарында да осындай кемшілікті түзету талабы жатыр. Ал оның нәтижесі қандай болмақ? – Мектебімізде 412 бала жаңа оқу жылын бастады. Басты мақсат – талаптағыдан артық білім беру, – деді мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Бақтияр Тоқтыбаев.
Бұл кісі жөнінде мектеп құрылтайшысы Нұрхан Иниятханұлының «Мектеп мазмұны басшыға байланысты. Сондықтан да көп жылғы тәжірибесі бар, халық арасында кәсібіне шын берілген қадірімен биік осы ағамызға оқу ісін толықтай сеніп тапсырып отырмыз» дегенінде мән бар екен. Бұл кісі кадр мәселесіне аса қатты талап қойып отырғанын жасырмады. – Мұғалімдерді тек қана конкурстық іріктеу арқылы қабылдап отырмыз, – деді ол. Кешелі-бүгін қызыл дипломмен бітірген, сүйген кәсібіне құнттылығы болмысынан атойлап тұрған екі бірдей химия-биология маманын бір орынға сұраныс болғанымен қатар қабылдауыма тура келді. Қабілеті зорды қарап тұрып қолдан бергің келмейді. Жастардың барлығы осындай білімімен құлшынып тұрса қане, өкінішке қарай түрлі жағдайды көріп, куә болып отырмыз. Біздегі бала біліміне бағытталған шынайы қамқорлықтарды көріп тұрсыз ғой. Концерт залымыз мынау, үйірмелерге жекежеке бөлмелер түгел құрал-жабдығымен сақадай-сай тұр. Мына тұрған екінші мәжіліс залында мектептің шағын ұлт-аспаптар оркестрін құрып, балаларды халықтық өнерге баулысақ деген асыл ниетіміз бар еді. Сенесіз бе, соған үш ай жаз тиянақты маман таппай әуреге түсіп жатырмыз. Обалы не керек, музыка пәнінен табақтай дипломы бар талайы келді, кәсіби білімінің кемшіндігінен талабымызға сай келмей тұр. Тек бұл пән ғана емес, басқа да мұғалімдікті тәмамдап, жұмысқа тұруға келген талапкерлердің сыннан сүрініп, білімін дәлелдей алмай жатқаны бұл саланың шынында нағыз картинасын көз алдымызға әкеліп тұр» деп қынжыла пікір бөлісуінің астарынан үлкен ақиқатты аңғарғандаймыз. Себебі неде? Мұның мәнісін жемқорлық деген сүйкімсіз қылықтың білім саласын да шырмап алғанынан көруге болар ма екен? Қазір білімге кім қарап жатыр, қалтаңда ақшаң болмаса жұмысқа тұра алмайсың деген қасаң қағида ынталының сағын сындырып, жігерін құм етіп жатпасына кім кепіл? Мектеп ғимараты үшін арнайы жоспарланып, сынып бөлмелері, кітапханасы, асханасына дейін талапережесімен рет-ретімен орналасқан оқу орталығы жағдайына көңіліміз толып, енді басқа жеке мектептер жағдайы қандай екен деген қызығушылықпен келесі апта аудандағы осындай оқу орындарының бірнешеуіне бас сұққан едік. Сондағы көрген, көңілге түйгенімізді өздеріңізбен бөліспекпіз, оқырман. Келесі жолымыз түскен жеке білім мекемесі «Дарын» мектебінің директоры Мөлдір Ақылбекқызының айтуынша, ашылғанына үш жыл болған мектеп ұжымы бүгінге дейін бастауыш сыныптарды ғана қабылдаса, биылғы оқу жылынан бастап 7-сыныпқа дейін бала оқытуға тәуекел етіп отыр екен. Бүгінде мектеп партасында 280 бала отырғанын айтты. Біздің алғашқы қойған сауалымыз: «Мектептің «Дарын» деп аталуының мәнісі неде?» – Оқушыларға тереңдетіп білім беріп, дарындыларды іріктеуді мақсат етіп отырмыз, – дейді мектеп директоры Мөлдір Әмірбекова. Биылғы жылы ағылшын тілінен бастадық. Оқу жылының басында CESfou ағылшын тілі орталықтары мен Қазақ-Британ халықаралық мектебінің құрылтайшысы, «Білім-күш» қоғамдық қорының төрайымы «NEWWAVE» оқулығының авторы Айгүл Қанатқызын арнайы шақыртып ұстаздармен кездесу өткіздік. Сонымен бірге робототехника ІТ технологиясы курсын ендіріп оқытуға көштік. Осы бойынша еңбек сабағын СТЕАМ әдісі бойынша оқытуға ден қойсақ дейміз, – дейді ол. Өзіміз аралап көргендей, 16 сынып комплектісі түгел жабдықталыпты. Информатика кабинетінде 15 компьютер құралы орналасыпты. Бізге мұнда сабақ өтіп жатқан қызыл диплом иегері, жас маман Асыл Нұртілеуді таныстырды. Сол сияқты Гүлжайна, Ақтілек, Балнұр есімді білікті ұстаздарымен мақтана алатынын да жасырмады. Жеке мектептер жағдайына келгенде тіл ұшына оралатын «Баламыз таңертеңнен кешке дейін аяқ киімін де шешпей, үйге әбіржіп қайтпай ма?» деген күдігіміз қаз-қатар тізілген гигиеналық бөлмелер жанына қойылған душь бөлмесі, одан әрі барлық сыныптың партадан тыс кең аумағына жайылып тасталған кілемді көргенде жайын тауып кетті. «Білесіз ғой, өркениетті елдер кітапханалардың өзінде оқырманға жантайып жатып оқуға жағдай қалыптастырып жұмсақ кілем төсеп қояды. Біз де солай баларымызға үйдегідей еркіндікті сезініп, аяқтарын созып демалуына мүмкіндік жасап отырмыз» деді ол. Әр сыныпқа 12-16 баладан артық қабылданбайтынын жеткізген ол осы бағытта жабдықталған пән кабинеттерін аралатып көрсетті. Жалпы мектепте 43 педагог жұмыс істейді. Мектепке заңды лицензия алудың басты талабы да осы – оқу ордасынде кемінде үш мұғалім негізгі жұмыс жасайтын сарапшы маман санатында болса, жоғары сыныпта кемінде 5 мұғалім сарапшы маман болу керек. Жылда аттестаттау жүргіізіліп бұл көрсеткіш жетілдіріліп отыруы тиіс. Біздің келесі бас сұққан Жұмаділла атындағы «Дарын» мектебінің директоры Айнұр Жүрментаеваның айтуынша, бастапқыда бастауыш негізде ашылған мектеп жанына жаңа оқу жылынан бастап қосымша ғимарат соғылып, 5-тен 11 сыныпқа дейін бала оқытуға толық мүмкіндік алыпты. Сонымен қатар биыл бастауыш сынып балаларына жатып оқуға мүмкіндік беретін 140 орындық интернаты пайдалануға берілгенін айтты. Бәрін қосқанда жаңа оқу жылында мектепте 753 оқушы сабақты бастағанын айтты. Бізге одан әрі жоғары сыныптар бойынша жауапты басшылыққа бекітілген Меруерт Әбусейітова мына төмендегі жайларды баяндады. Білімгерлер бір ауысымда оқиды екен. Түстен кейін талапкерлермен математика, орыс тілі және ағылшын тілі бойынша тереңдетілген сабақ өтіледі. Шәкірттер түгелімен үй тапсырмасын дайындайды. 9-10-11 сыныптықтармен ҰБТ-ға дайындық жүргізіледі екен. – Мен өзім тренермін. Жас мамандардың білімін екшеуде олармен жұмыс жүргізіп, қысқа мерзімді сабақ жоспарын түзу, сабақ өтудің түрлі әдістері мен тәсілдерін жетілдіруде мастер класс өткізіп тұрамын, – деген ол жас мамандарды жұмысқа қабылдауда конкурстық сынаманың шынайы мазмұны жөнінде ойымен бөлісті. Мұғалімнің білім-білігінің көрсеткіші практикалық іс-тәжірибеде айқындалатыны, кадр таңдауда жаңылыстырмайтын тәсіл екенін де айтып өтті. Жоғары сыныптарға арналған жаңадан соғылған ғимаратта толық жабдығымен келген химия, физика, математика кабинеттерімен қоса алғашқы әскери дайындық пәні арнайы сынып комплектісінің жаңаша үлгісімен таныстырды. Жалпы мектептің жоғары сыныптар блогында 18 сынып комплектісі бар. Оның екеуі компьютер кабинеті, бірнеше қабырғалық және қозғалмалы интерактивті тақта сабақты әртүрлі оқу платформасында қызықты етіп өтудің құралы ретінде толық деңгейде қолданылуда. Аумағы 500 шаршыметр болатын спорт алаңын көрсетіп, осында дәріс өткізіп жатқан дзюдодан әлемдік күміс белбеу иегері Меруерт Әбубәкірді мектебіміздің мақтанышы деп таныстырды. Мектептің заманауи жабдықталған 150 орындық асханасында балаларға үш мезгіл тамақ беріледі екен. Бір айта кететіні, біз болған жеке мектептердің барлығында балалардың оқуы, жатын орны, ас-ауқаты, тасымалы тегін. Үш мектепте де тасымалға арналған 6-7 көлік сақадай-сай тұр. Келесі бас сұққан орталықтағы «Сана» жеке бастауыш мектебінде бас-аяғы бес сыныпта 60 бала оқып жатыр. Мектептің оқу ісіне жауапты маман Мөлдір Мәдиеваның айтуынша, ғимараттың сыйымдылығы 100 балаға арналған. «Оқу ордасы шағын болғанымен білім беру деңгейіміз жоғары. Бізде Ақмарал Айтілеуова, Ажар Көшербаева, Қарлығаш Оразгелдиева сынды білікті ұстаздарымыз бар» дегенді алдыға тартты ол. Тасымал көлігі біреу екен. Жалпы жыл өткен сайын заманауи мектепке сұраныс та, соған сай сапа да арта беретіні заңды құбылыс екеніне көзіміз жете түскендей. Бүгінде атаана көзі ашық, көкірегі ояу, қайда оқытамыз десе де өз еркі. Біздің ұққанымыз, бәсекелестік жағдайында бәсі артып, жақсыға, жаңаруға ұмтылған білім ошақтары саны артқанына тек қуану ләзім. Өзім жеке ата-ана ретінде айтар болсам, осыдан үш жыл бұрын немерем Шымкент қаласындағы мемлекеттік мектепке барды. Үйге жақын осы оқу ордасынан басқа көзге ілінген ешнәрсе болмады. Мұғалімі баланы қабылдап алып тұрып «Көптің бірі болып жүре берсін десеңіз, тастап кете беріңіз» деді. Отыз екінші болып тіркелген оқушыны көпсінгені ғой. Шынында да солай. Көп өтпеді, Әліппені тәмамдады – ау деген уақытта сыныбына барып сабағының деңгейін көрдім. Бойы ұзын болғандықтан соңғы партада жайғасқан немерем әріптерді қосып оқып үйренбеген. Жалғыз мұғалімнің жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі де жоқ. Жұлып алып ауылдағы сол кезде ашылған «Заңғар» интеллектуалды мектебіне әкеліп тапсырдым. Оқу ақысы 30 мың деді. Обалы не керек, бас-аяғы екі аптаның ішінде сыныптағы он алты баланың қатарында Әліппені меңгеруден озып шығып, судыратып оқитын болды. Сосын математикадын ерекше қабілетін танытты. Бұл жерде мұғалімнің күші мен құдіретіне бас имеске әддіміз қалмады. Ал жеке мектептің жағдайына келсек, о баста мектеп үшін деп соғылмаған нысан болғандықтан не сын айтуға болады, екі қабатты тар ғимараттың есік алдында тыныс алатын ашық аула жоқ, демалатын артық бөлме тапшы, десек те бір ұтқанымыз, баламыздың зейіні ашылып, қатарынан қалмағаны болды. Қазір «Заңғар» жаңа жайға көшті. Оның жағдайы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай керемет дейді көргендер. Ал менің немерем әкешешесінің қолына қайтып барды. Қазір мемлекеттік мектептердің мұғалімі да баяғыдай емес, баланың қолынан кетіп қалмауына барынша мүдделі. «Өзім оқытамын. Түстен кейін де қосымша сабаққа келемін» деп уәде берген соң, оның үстіне «Баланы әке-шешеден бөлектеуге болмайды. депрессияға соқтырады» деген ескертуін де құп алып, баламызды айнала жұрт қазығы мықты деп санап келген мемлекеттік мектепке қайта ауыстырдық. ТҮЙІН: Әрине, ата-ана үшін баласының жақсы жағдайда алаңсыз білім алғанынан артық мақсат жоқ. Сондықтан қандай оқу ордасы болсын ондағы еңбек еткен ұстаздар баланы басты капиталы санап, соның жолында адал тер төккен жерде бейнеттің ақталмай қалмасы анық.