Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған

72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған

Астанада АҚШ-тан келген 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған. Сұмдық оқиға бас қаладағы халықаралық жекеменшік мектептердің бірінде болды, деп хабарлайды КТК арнасы. 
  Қазір бұл жайтты білім және ғылым министрлігі тексеріп жатыр. "Ол мұғалімде сотталмағаны туралы анықтама болған. Жұмысқа орналасар алдында қажет құжатты түгел өткізген. Ал келеңсіз оқиғаның қалай болғанын анықтап жатырмыз. Негізі, жеке мектептер де еліміздің еңбек туралы заңына бағынады. Кез-келген ұстаз сотталмағанын дәлдеуі тиіс. Бұл шетелдіктерге де қатысты", — білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева. 

   Астанада шу шыққан халықаралық мектепте елімізде тұрып жатқан шетелдіктердің балалары мен жерлестеріміз білім алады. Шетелдік қарт  ұстаз дәл осы мектепте сабақ берген. Қазір ол Қазақстаннан кетіп қалыпты. Келеңсіз оқиға шәкірттер Алматыға спорттық шараға барғанда болған. Мұғалім жасөспірімдердің біріне қол жүгірткен көрінеді.

10 қараша 2018 ж. 1 231 0