№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » » КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫНДА БІЛІМ САПАСЫ ТУРАЛЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫНДА БІЛІМ САПАСЫ ТУРАЛЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін, Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Шахизатұлының басқаруымен білім саласының өзекті мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.


Алқа отырысына аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы білім сапасына талдау, материалдық — техникалық базасының жай-күйі, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамыту перспективалары, 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының барысы, оқу жылын аяқтау шаралары, халықаралық зерттеуге дайындық барысы сондай-ақ, бала құқығын қорғау туралы жүргізілген жұмыстар жайы тыңдалды.

Бекжан Шахизатұлы күн тәртібіндегі көтерілген мәселелерге арнайы тоқталып, білім сапасын арттыруда атқарылған әрбір жұмысқа өзіндік талдау жасап, жан-жақты талқылады. Мәжілісте ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге қатысты тиісті шешім қабылданып, білім беру ұйымдарының басшыларына білім сапасын арттыру, рухани, патриоттық тәрбие беру, сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жан-жақты үйлестіруді және білім ордаларындағы санитарлық тазалық жұмыстарын басты назарға алуға байланысты тиісті тапсырмаларын жүктеді.
30 қараша 2023 ж. 497 0