Алқа жиынында білім берудің негізгі мәселелері талқыланды
Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованың төрағалығымен қала, аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен алқа жиыны өтті.
Отырыста Нұр-Отан партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Жол картаны іске асыру мәселелері, мектепке дейінгі ұйымдардың инфрақұрылымы, электронды форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеуге балаларды дайындау, балалардың қауіпсіздігін сақтау, IV оқу тоқсанына дайындық мәселелері қаралды. Сондай-ақ, бюджет қаражатын игеру, вертикалды басқару жүйесіне өтудегі негізгі басымдықтар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, педагогтар арасындағы ұлттық біліктілік тестін өткізу қағидаттары талданды.
Жиында Ақзира Қасымова білім беру саласындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын саралап, күн тәртібінде талқыға түскен мәселелерді жеке-жеке талдады. Отырыста бөлім басшылары Ернат Алпысбаев, Берік Жәнібеков, Гүлзия Дүйсенбаева, Шолпан Жүнісова сала бағыттары бойынша бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар шеңберінде баяндама жасап, алдағы міндеттерге қатысты есеп берді.
Басқарма басшысы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыруда оқушылардың дайындығын күшейту, пәндік олимпиадада республикаға жолдама алған оқушыларды білім сынағын дайындау мәселесін пысықтауда тапсырды. Сондай-ақ, вертикалды жүйеге сәйкес бөлім басшыларының жұмысы бұдай-былай тоқсан сайын сараланатынын жеткізіп, көрсеткіштер бойынша есеп тыңдалатынын қаперге салды.