№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚАЗАЛЫДА АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ


Бүгін Қазалы ауданында облыстық ауыл әйелдерінің форумы өтті.Дәстүрлі түрде өтетін форумға жаңақорғандық әйел-аналарда арнайы барып қатысып қайтты.

Форум қонақтарын қошеметпен қарсы алған "Әжелер" ансамблі ән шашуын арнап, қонақтарға ерекше әсер сыйласа, құлақ құрышын қандырар ән мен күйдің қатар төгілуі қазақтың мәдениеті мен төл өнерінен толағай тарту болды. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған жергілікті кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары мен түрлі тамақ өнімдерінің жәрмеңкесі аудан әлеуетін арттырып, мерейін өсірді.

Сонымен қатар Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, «Қазақстан әйелдері күштері Альянсының» Қызылорда облысы бойынша филиалының төрайымы Рахима Ахметова сөз алып, форумның мақсаты мен облыс көлемінде әйел-аналардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайына тоқталып, форумның жұмысына сәттілік тіледі.

Форум жұмысы шараның сексиялық отырысымен жалғасып, "Әйел және қоғам", "Әйел және еңбек", "Дені сау бала — дені сау ұрпақ" тақырыптары тереңнен талданды. Еңбекші әйелдерді насихаттау, ана мен бала денсаулығы мәселелері көтеріліп, мазмұнды шараның маңызы арта түсті.

Форум соңында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, бірқатар аналар облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен және Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медалімен марапатталып, сый-сияпат ұсынылды.
16 қараша 2023 ж. 592 0