Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдік пен ерлік рухы

Елдік пен ерлік рухы


Тарих қойнауына кеткен кешегі қанқұйлы майдан даласында ел үшін от кешіп, ұрпақ үшін ұрыста ұлы іс атқарған қаһармандардың бүгінде қарасы некен-саяқ. Жаңақорғанда ерлік пен елдік, жаужүректік пен жауынгерліктің үлгісі болған батыр бабалардың көші көзден көшкелі де біраз болды. Ортамызда болмаса да төккен қаны, берген жаны үшін бүгінгі ұрпақ оларға мәңгілік қарыздар, ерлердің есімін ешқашан ұмытпайды. Сондықтан жылдағы дәстүрден жаңылмай биыл да 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өту шарасы жалғасып, бабалар рухына тағзым жасалды.


Ұлы жеңістің 78 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіс. Тағзым. Тағылым» атты еске алу шарасына жас ұрпақ пен сан-саланың жүгін көтерген ардагерлер қатысып, ерлікке тағзым етті. Межелеген уа­қытта аудан басшысы бастаған көш «Боздақтар» монументіне гүл шоқтарын қоюға сап түзеді.
Майдангерлер ұрпағы,
Осындағы бар халық.
Көріп өсіп-өнгенін,
Рухы тұрсын тамсанып.
Дұға оқып бәріміз,
Іштен алғыс айтайық.
Гүл шоқ қойып, бас иіп
Тағзым етіп қайтайық.
Иә, тағзым алаңындағы шара осындай жырдан өріліп, жауынгерлер сап түзеді. Шейіт болған майдангерлерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алғаннан кейін олардың рухына арнап ауданымыздың бас имамы Әбдіхалық қажы Наметов Құран бағыштады.
– Құрметті аудан халқы, қадірлі ардагерлер! Сіздерді Ұлы жеңістің 77 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тарихтағы сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен оғландар, ата-анамыздың, батыр бабамыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бейбіт күннің алауын жағып, ұрпағына сыйлаған ерлер есімі елімен жасай бермек. Соғыста батыр боздақтар майдан даласында қалды, қаншама қыршын өмірлер қиылды. Осындай ерлікке біз әрқашан бас иеміз, бір өкініштісі, олардың арамызда болмауы. Сол жауынгерлерге демеу болып, тылда ерен еңбек еткен дала майдангерлерінің де есімдері ұмытылмақ емес. Сондықтан Жеңіс күнін жақындатуға үлесін қосқан тыл ардагерлеріне де алғысымыз шексіз.
Біздің ауданнан сол майдан даласына 4 мыңнан аса адам аттанып, соның небәрі жартысы ғана елге оралды. Бүгінгі жарқын күніміз, арайлап атқан таңымыз осы бабалар арқасында. Тағы да Жеңіс күні құтты болсын, тәуелсіздік тұғырлы, болашағымыз баянды, бір­лігіміз бекем болсын! – деп аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы жылы лебізін білдірді.
Әлемге бейбітшілік әкелген, жеңіс қамалын тұрғызған, жеңімпаз жауын­герлердің құрметіне құқық қорғау қызметкерлері көкке салют атып, бас иді. Одан әрі, шара аудан өнерпаздарының ән шашуымен жалғасты. Матвей Волонтердің «Катюша» әнін балалар блогы орындап, концерттік бағдар­ламаны ашып берді. Аудан төрінде әуелеген әндердің барлығы сол майдангерлер құрметіне шырқалды.
Біз, соғыстан кейін өмірге келген, тәуелсіз елдің жас буыны, батыр бабалардың ерлігі мен қайыспас ерік-жігеріне құрметпен бас иеміз. Жер бетіндегі жасампаз өмір үшін күресіп, болашақ үшін тарихи миссияны жүзеге асырған даңқты бабаларымыздың ерлігі ешқашан өшпейді.
Осы күні аудан әкімі мен «Байкен-U» ЖШС-і өкілдері аудан орталығындағы соғыс ардагерлеріне теңестірілген Үпен Жүніс және Әйтілеуов Әбдіқалықтың шаңырағында болып, мерекелік сый-құрмет көрсетті. Қос қарияның да ғұмырнамасынан тылдағы еңбекті, со­ғыстан кейінгі бейнетті байқауға болады. Олардың әжім басқан жүзінен ашаршылық пен ауыртпалықтың белгісін көреміз. Абыз ақсақалдардың тілегі бір, ол – бейбіт күннің мәңгі орнығуы.

– Біз кешегі ашаршылықты, майдан даласының салқынын көрдік. Қаншама қандас бауырлар, жас өрендер өмірден ерте озды. Оңай болған жоқ, барлығы тарих қойнауында қалсын. Біздің тілеріміз, қазақтың басына енді ешқашан ондай зұлмат жылдар оралмасын. Тек бейбіт күннің бірлігінде, тату тәтті шаңырақ астында өмір сүруді Алла өзі жазсын. Ең бастысы, Отан дейтін ұлдарымыз, ұлт үшін күресетін ұрпағымыз, батыр тәрбиелейтін аруларымыз аман болсын, – деп ардагер ұстаз жылы лебізін білдіріп, әкімге алғысын айтып, батасын берді.


Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

09 мамыр 2023 ж. 350 0