Қазақстандық домбырашылар Италияда бас жүлде алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық инструменталды дуэт Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Open Italy-2023 беделді музыкалық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» МКО солистері Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Италияның Песаро қаласына барып өнер көрсеткен.
Жыл сайын Песаро қаласында өтетін Open Italy-2023 шарасына 24 елден қатысушы жиналған. Олардың арасында қазақстандық дуэт үздік деп танылды.
«Біздің дуэт «Адай», «Көроғлы», «Әлқисса» күйлерін, О.Сүлейменовтің West шығармасын орындап, қазылар алқасы мен көрермендерді баурап алды. Темірлан мен Ернатты жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жігіттердің қазақ музыкасын орындай отырып, халықаралық деңгейде жетістікке жеткені қуантады. Олардың өнері басқа талантты отандастарымызды шабыттандыратынына сенімдімін», - деп құттықтады Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Telegram желісінде.
Айта кетейік, Темірлан мен Ернат Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқыған және «Бастау» домбырашылар дуэті болып танылған.
Олар 2018 жылы Латвия астанасы Ригада өткен «Еуропа музыкалық аспаптар» байқауының бас жүлдесін иеленіп, Голливудқа жолдама алды. Сол жылы Израильде Иерусалимде өткен «Әлем музыкасы» халықаралық музыка фестивалінде бас жүлде жеңіп алды. Түркияда өткен BRIDE TV телеарнасының музыкалық фестивалінде «Ең үздік музыкалық топ» деген арна марапатын иеленді.