№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазақы киімге сұраныс көп

Қазақы киімге сұраныс көп

Наурыз мерекесінің ажарын келтіретін ұлттық киімдерге деген елдің ықыласын тігін шеберханасына барғанда анық көреміз. Олай дейтін себебім, ұлттық киімге кезекке тұрған адам көп. Тапсырыс берсеңіз бір аптаның ішінде көңіліңіз қалаған пішінде қамзолшапаныңыз дайын болады. Осындай сұранысқа ие шеберқолды Гүлмира Дәрібаеваның қолынан шыққан бұйымның сапасы мен ерекше тігігіншілік өнерін сөз етуді жөн көрдік.

Ол кенттегі көп балалы ананың бірі. Жастайынан тігіншілікке қызығушылық танытып, қуыршаққа киім тіге бастапты. Жары Қуанышпен жарасымды отбасын құрып, үй-жайын қолөнер бұйымдарымен сәндеп, келген мейманның назарын аударатындай ісмерлікті үйреніпті. Балабақша мен мектепте өтетін мәдени шараларға бүлдіршіндерге киім тігіп көптің ризашылығына бөленді. Қол өнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырып, бірнеше байқауларда топ жарды. Гүлмира бала күтіміне байланысты демалысында Алматы қаласына 8 айлық баласымен бірге барып, елдегі ең танымал шебер Гүлістан Жандосқызының құны 500 мың тұратын дәрісіне қатысып, шеберлігін шыңдайды. – Осы дәрістен соң тұрақты кәсіпкерлікпен айналыса бастадым. Дәрісте құрақ құраудың жаңа технологиясы мен тігістің құпиясын меңгердім. Үйдің ішінен шағын шеберхана ашып, қыз жасауын, бесік төсектерін, құдағи сөмке, қамзол, шапан тіге бастадым. Бүгінде елге танылып, сұраныс арта бастады, – деп бастады әңгімесін. Гүлмира Дәрібаева – облыс бойынша жіпті үзбей тігу технологиясын меңгерген жалғыз тігінші. Бұл технология құрақтың сапасын арттырып, бұйымның ұзақ сақталуына себепші болады. Жәй құрақтар ары кетсе үш жылдан соң, әр жері сетінеп, сөгіле бастайды. Ал, бұл әдіспен тігілген бұйым ұзақ уақыт жарамдылығымен ұрпаққа мирас. Біздің аймақта құрақшылар көп. Қырғыздың технологиясына ден қойған не жәй ғана қызығушылықпен тігеді. Кейіпкеріміз қазаққа ғана тән тігіс өнерін қайта жаңғыртып отыр. Есті заманның құрағына зер салып, ұмыт болған тігіс өнерін қайта қалыптастырып, оған өз қолтаңбасын қосып, жаңа әдісті меңгерді. Бұл әдісті үйренемін деген ниеттілер болса Гүлмираның маусымдық дәрісіне қатыса алады. «Халықты қымбатшылық қысқан шақта өзге шеберлер сияқты бағаны аспандатып отырған жоқпын, шама-шарқымызға сай қолжетімді баға ұсынып, шәкірттер тәрбиелеудемін», – дейді шебер. Тұрмыстық қажеттілікке сай қамзолшапанды күнделікті киюге және кісілікке киюге бағыттап, жыл мезгіліне сай қалың не жұқа етеді. Қазақы қамзол мен шапанға жергілікті тұрғындар көптеп сұраныс берсе, қыз жасауына қызығушылық Алматы, Атырау, Ақтау қалаларынан түскен. Әлеуметтік желі арқылы ісін дамытуды меңгерген шебер алыс-жақын аймаққа өз өнімдерін сатып, табыс тапқан. ТҮЙІН. Қазақта «Шебердің қолы ортақ» деп текке айтылмаған. Бір әулеттің табысына айналған шағын шеберхананы дөңгелетіп отырған келіншекпен сұхбаттасып, еңбек еткен адамның мәртебесі биік болатынына көзіміз жетті. Шыдамдылық пен сабырлылық қай адам баласын болмасын берекеге кенелтеді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
22 наурыз 2023 ж. 293 0