№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ел мен ердің ерекше бейнесін жырлаған мүшәйра

Ел мен ердің ерекше бейнесін жырлаған мүшәйра

9 ақпан күні Машбек Нәлiбаев ауылдық клубында мемлекет және қоғам қайраткері, ХХ - ғасыр адамы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың 70 жасқа толуына арналған «Туған жердің тұғыры биік тұлғасы» атты облыстық жас жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті.

Бұл жолғы мүшәйраға қатысушылар саны аз емес, тіпті, көп десек те болады. Таңдалған тақырып қалам ұстаған қауымның көңілінен шығып, жыр додасына тәуекел етуіне басты себеп болған сияқты. Облыс бойынша сүбелі сөз бәйгесіне 17 талапкер қатысып, бақ сынасты. Үміткерлердің денi сен тұр, мен атайын.
«Құрмет» орденінің иегері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Мамыр Байдәулетов, Манап Көкенов шығармашылық мектебінің жетекшісі Уәли Ибрагимов, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы, журналист Баян Үсейiнова бастаған қазылар алқасына жүлдегерлерді анықтау да оңай соқпаған секілді. Екі кезең бойынша жүрекжарды жырларын ұсынғанын ескерсек, жүйріктерді анықтау қиын екені де түсінікті.
Жарыстың аты - жарыс, қайткен күнде де оның жеңімпазы анықталуы қажет. Ал ондай жеңімпаздар аз болмады. Бұл аталмыш мүшәй­раның жоғары деңгейін байқатады. Сондықтан додаға қатысқан 17 ақынның ішінен 7 ақынға жүлде берілді.

Бас жүлде қазылардың ұйғарымымен жалағаштық ақын Дидар Өмірзаққа берiлдi (100 мың теңге).
I орын мiнберiне Шиелі ауданынан келген Бекжан Ержiгiт шықты (80 мың теңге).
II орын саны екеу, олар, қармақшылық Гүлзада Ғаниқызы (60 мың теңге) мен қызылордалық Тұрар Бекмырзаев (60 мың теңге).
Ал III орын биiгiнен үш бipдей ақын көрiндi, олар, Сырдария ауданынан келген Айтбаев Бақтөре (50 мың теңге), жалағаштық Қартбай Мейipжан (50 мың теңге) және жаңақорғандық жас ақын Әсел Қайратқызы (50 мың теңге). Ал, қалған қатысушылар көлемі 30 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Айта кетейік, аталған облыстық мүшәйраны Машбек Нәлібаев ауылдық клубы ұйымдастырды.




10 ақпан 2023 ж. 337 0