Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыстық жас ақындар мүшәйрасының ережесі

Облыстық жас ақындар мүшәйрасының ережесі

1. Жалпы ережелер:
1. «Ақынның қаламы – адалдық алаңы(Әділдік. Парасаттылық. Сенім.)» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы(бұдан әрі - Мүшәйра)- Жастар жылы аясында аймағымыздағы шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткізіледі.
2. Мақсаты–жастар бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, жас ақындар шығармашылығына қолдау.

2. Мүшәйраның шарттары:
1. Жас ақындар мүшәйрасына 14 пен 29 жас аралығындағы шығармашыл, жазба ақындар қатыса алады.
2. Мүшәйраның талаптары:
1) Мүшәйраның мақсатына сәйкестігі;
2) мәселені жете қабылдап түсінуі және тақырыпты толық ашуы;
3) көркем мәтіннің орындалу шеберлігі;
4) өлең-жырларындағы сөз қолданысы, ұйқасы;
5) дауыс мәнері және тіл тазалығы;
6) өлеңдер көлемі 15 шумақтан аспауы қажет;
7) көркем мәтінді оқу кезінде музыкамен немесе музыкалық аспаппен сүйемелдеуге болады;
8) дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
9) талапкер ұсынған шығарма мәтіндерін жатқа/мәнерлі оқи білуі қажет;
10) сахна мәдениеті;
11) сахналық киім үлгісі.

3.Мүшәйраның өткізілу тәртібі
1.Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы - мүшәйраның ұйымдастырушысы болып табылады.
2. Мүшәйраны өткізу туралы хабарландыру облыстық БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарияланады.
3. Мүшәйраға қатысушылар төмендегі тапсырмаларды орындауы тиіс:
4. Арнау өлең бұрын жарияланбаған, жаңа өлең болуы керек.
5. Қатысушылар туралы мәліметті(орындайтын шығармаларының атауы мен мәтіні, жұмыс, оқу орны, байланыс телефондары) 2019 жылғы25 қазанға дейін«Жастар ресурстық орталығы» КММ-ніңmolodezh_kyz@mail.uэлектронды поштасына жіберуі тиіс.
6.Өлеңдер 2019 жылғы 25 қазанға дейін қабылданып, ашық түрде әділқазылар алқасының сараптамасынан өтеді. Тек жеңімпаз деп танылған 20 ақын31 қазан күні Жастар орталығында өткізілетінәдеби кешке арнайы шақырылады.
7. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

4.Байқау қатысушыларын бағалау
1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы жасақталады. Қазылар алқасының құрамы филология, журналистика, педагогика салаларының өкілдерінен, мәдениет және құқық қорғау саласы қызметкерлерінен құралады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.

5. Қосымша мәліметтер
Мекенжайымыз: Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан «Жастар орталығы» ғимараты.Байланыс телефоны:8 700 757 10 00. Электрондық мекенжай: molodezh_kyz@mail.ru.
16 қазан 2019 ж. 2 794 0