Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » "Өнер - мәңгілік мұра"

"Өнер - мәңгілік мұра"

Өткен аптада аталған тақырып бойынша аудандық мәдениет үйінде 2022 жылдың қорытындысына арналған мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың жыл көлемінде атқарған жұмыстарының есептi кеші өтті.


Біз тамашалаған бұл есеп беру кеші өзге кештерден өзгерек. Аталған шараға аудан әкімі Мұрат Жолкелдiұлы және кеш қонақтары қатысты.
Шараның шымылдығын «Жаңақорған» халық театрының өнерпаздары ашты. Онда театрландырылған қойылым қойылып, поэзиялық жыр-шумақтар оқылды. Сондай-ақ мың бұралған бишілер биден өрнек салып, кештің көркін аша түсті.

Өткен жылдың қорытындысына арналған шарада бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Одан бөлек, «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени үгiт тобы «Әдiлеттi мемлекет. Бipтұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты бағдарламасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын насихаттады.
Әрмен қарай өңірге белгілі өнерпаздар жырдан шашу шашып, әннен алқа тақты.




06 ақпан 2023 ж. 275 0