№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСIНДЕ

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСIНДЕ

Бүгін Жаңақорған аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Жеңic» саябағында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ардагерлерді еске алу шарасы болып өтті.
Алдымен, аудан әкімі Мұрат Жолкелдiұлы мен бір топ еңбек және тыл ардагерлері саябақ алаңындағы ҰОС-ның боздақтарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қан майданнан оралмаған жауынгерлер рухына құран бағыштап, бір минут үнсіздікпен еске алды. Әрмен қарай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған театрландырылған мерекелік қойылым ұсынылды.









Жаңақорғандықтарды Ұлы Жеңіс мерекесінің 77 жылдығымен құттықтап, сөз сөйлеген аудан басшысы сұрапыл соғыс кезінде қазақ даласы қандай көмек пен қолдау көрсеткенін, қарыштап дамып келе жатқан ел әлеуетінің барша жетістіктері соғыс өртін өшірген аталарымыз бен аналарымыздың еңбегінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

- Ұлы Отан соғысына Жаңақорған ауданынан 3310 азамат қатысып, 706-сы майдан даласында мерт болды. 1845-i хабар ошарсыз кетті. Елге аман-есен оралған 759 азамат - бейбіт уақытта да елдің дамуы үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі күні адамзат тарихындағы аса ауыр да қасіретті соғысты бастан кешірген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік істері біздің жадымызда мәңгілік сақталады. Әкелеріміздің жүріп өткен жауынгерлік жолы, ерлігі - кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге. Бұл жол өскелең ұрпақты еңбекке, Отанды қорғауға рухтандырады, - деді аудан әкімі.
Аталған шара әрмен қарай аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
09 мамыр 2022 ж. 791 0