Жастар елдің ертеңі
«Жаңақорған шипажайы» АҚ-ның мәжіліс залында ауданның жалынды жастары «Жаңа толқын» жастар форумы аясында бас қосты. Қоғамның қозғаушы күштерінің белсенділігін арттыруға бағытталған бұл форумда жігерлі жастардың жыл бойы атқарған істері сараланып, әр сала бойынша ең үздік жас мамандар марапат мінберінен көрінді.
Алдымен Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапхана ұжымы ұйымдастырған кітап көрмесі мен аудандық агро колледж студентерінің өздері жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалаудан бастау алған форум «Жаңақорған жастары жаңару жолында» атты тақырыпта өрбіді. Оған аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов, аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудандық маслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, әйелдер кеңесінің төрайымы Әзия Қыстаубаева және «Аmanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Арман Әбілпейісұлы қатысты.
Әуелі осы жылы атқарылған жұмыстар мен жастардың жеткен жетістігін саралаған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы биылғы жыл Жаңақорған ауданы үшін табысты болғанын, әсіресе елдің әлеуметтік деңгейі өсіп, көптеген жаңа нысандар бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілгенін айтты.
– Құрметті жас достар, сіздер еліміздің болашағысыздар. Сондықтан, жастарды қолдау, жастарды көтермелеу бағытындағы осындай игі шаралар ұдайы жалғасын тауып келеді. 2022 жыл аудан жастары үшін жаман болған жоқ. Мәселен, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы мемлекет тарапынан тұрғындарға берілетін біржолғы қайтарымсыз гранттың 40 пайызы жастарға берілсе, келер жылы бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу, ал мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытындағы әлеуметтік жобаларға бөлінетін қаржы көлемін 50 пайызға арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ Қорасан ата көшесі бойында «Құм сағаты» орналасқан жерде «Жастар аллеясын» салу да келер жылдың басты жоспарына енуде, – деді жағымды жаңалығымен бөліскен аудан басшысы.
Одан әрі көрермендер мемлекеттік жастар саясаты аясында ауданымызда ұйымдастырылған іс-шаралар желісімен әзірленген қысқаша бейнесюжетті тамашалады. Туған жер жастарының жеткен жетістігі мен бағындырған белестерін бейнелеген сюжеттен соң жас кәсіпкерлер арасында ұйымдастырылған инновациялық және перспективалық жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Оларға аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен ақшалай сыйлықтың сертификаты табыс етілді. Алғашқы 100 мың теңгенің сертификатын «Аялау. Түзету. Дамыту» логопед орталығын ашу жобасы бойынша Мадина Қайратқызы иеленсе, «Керемет» сабын өндірісі жобасы бойынша Әділет Қайырбекұлы 70 мың, ал аудан көлемінде туризм саласын дамыту бойынша «Саяхат TIME» жобасымен Шахан Мұхамед-әлі 50 мың теңгенің сертификатына ие болды.
Ал осы күнгі толқынысты сезінген аудан жастарының XIІ дәстүрлі форумының негізгі жеңімпаздарына «Жаңа толқын – 2022» статуеткасы мен аудан әкімі тағайындаған 30 мың теңгенің сертификатын аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков табыстады. Сала үздіктері арасында түрлі аталым бойынша марапатталғандар қатарында №3 мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Мадияр Әбенұлы «Тың серпін» номинациясы бойынша марапатталса, «ХАН» кондитерлік дүкенінің басшысы Әсел Дәулетбайқызы «Кәсіпкерлік» номинациясы бойынша, «Аялы алақан» еріктілер тобының жетекшісі Аманжол Әбдіхамитұлы «Қоғамдық қызмет» номинациясымен, Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскер-маманы Таңшолпан Төреханқызы «Өнер және мәдениет» номинациясымен, «Еркінқожа» шаруа қожалығының комбайншысы Нұрислам Ильясұлы «Ауыл шаруашылығы» номинациясымен, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің құрылысшы мамандығының түлегі, «Болашақ» университетінің студенті Нұрдәулет Мәтен «Үздік студент» номинациясымен, аудандық пробациялық қызмет бөлімшесінің офицері Самат Нұрмұратұлы «Құқық қорғау» номинациясымен, №229 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жұлдыз Назарханқызы «Білім және ғылым» номинациясымен, №7 спорт кешенінің үстел теннисінен жаттықтырушы Алдияр Марксұлы «Спорт» номинациясымен, креативті кәсіби деңгейдегі мобилограф, әрі жайдарманшы Рақымжан Нәжім «Мобилография» номинациясымен, ал Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпазы, термешіжырау Әсем Ерболқызы «Өнерлі өрен» номинациясымен марапатталды.
Сонымен қатар әр салада өзінің білімділігін, біліктілігін, белсенділігін көрсеткен жастарды марапаттау салтанатында жастар арасында ұйымдастырылған мәдени көпшілік шаралар мен ағартушылық жұмыстарда бел сенділік танытқан көшбасшы жастар да аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды. Олардың қатарында аудандық білім бөлімінің әдіскер маманы, аудандық «Ұшқыр ой» пікірсайыс клубының жетекшісі Ақниет Ераханқызы, шоумен, Youtube желісінде танымал болған «Батпақ» телехикаясының режиссері Берік Серікұлы, Жайылма ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы Әсем Сабырханқызы, жеке кәсіпкер, «ALLO TAXI» қызмет көрсету желісінің Жаңақорған ауданында негізін қалаушы Біржан Қалжанұлы, Жаңақорған аграрлытехникалық колледжінің электрогазбен дәнекерлеуші мамандығының студенті Бірлесбек Лесбекұлы, Жастар ресурстық орталығының есепші-статисті Бекдулла Ибадуллаұлы, Қыркеңсе ауылдық округінің белсендісі, автокөлікке газ қондырғысын қоюшы автомеханик Нұрболат Ерзақұлы, Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығының студенті Перизат Есенгелдіқызы және Төменарық ауылдық округінің белсендісі, дәнекерлеуші маманы Бақберген Бақытұлы бар.
Марапаттау сәтінен кейін жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров егеменді еліміздің азат ойлы азаматтары, ұлттың келбеті, келешектің кемел көкжиегінің бастауы бүгінгі жастар атынан келер жылға жоспарланған үндеуді оқып берді.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!»
деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің халқымыз жастарға үнемі сенім артып келеді. Сондықтан оларды ізбасарымыз, жолымызды жалғастырушы деп есептеп, тәрбиелеп, түзу жолды нұсқап отырған. Осы қағида, осы ұстаным осы күндері де өзінің құндылығын жойған жоқ. Біздер бұл үрдістің тәуелсіздік жылдарында да жалғасын тауып жатқанына қуаныштымыз.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!»
деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің халқымыз жастарға үнемі сенім артып келеді. Сондықтан оларды ізбасарымыз, жолымызды жалғастырушы деп есептеп, тәрбиелеп, түзу жолды нұсқап отырған. Осы қағида, осы ұстаным осы күндері де өзінің құндылығын жойған жоқ. Біздер бұл үрдістің тәуелсіздік жылдарында да жалғасын тауып жатқанына қуаныштымыз.
Лаура Бибасарова