» » "Жаңа толқын" жастар сыйлығы: Қадыржан Қыдырбаев

"Жаңа толқын" жастар сыйлығы: Қадыржан Қыдырбаев

Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде Еріктілер жылының салтанатты жабылуына орай "Жаңақорған жастары" атты Х-аудандық жастар форумы өтті. Салтанатты шара аудан әкімі Руслан Рүстемұлының құттықтау сөзімен ашылды. Шара барысында Еріктілер жылы қоғамдық істерге белсенді атсалысқан жастарға "Жаңа толқын" аудандық жастар сыйлығы табысталды.
Марапат алушы ерікті жастар қатарында "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобының белсенді жастары бар. Аудан әкімінің қолынан аудандық "Жаңа толқын" жастар сыйлығына ие болған "ЖЖЖ" қоғамдық қорының мүшесі, ресторатор, qfc_zhanaqorgan, qfc_burger фаст-фуд өнімдері желісінің жетекшісі Қадыржан Қыдырбаевты құттықтаймыз.


Жаңарған Жаңақорған Жастары
01 желтоқсан 2020 ж. 571 0