» » » Текті сөздің төресі – терме

Текті сөздің төресі – терме


Соңғы бес-алты жылдан бері қарт Қаратаудың жеорінде жыраулық өнер жүйелі дамып, Шәймен Дәрібайұлы атындағы байқау-фестивальдер жиі ұйымдастырылып келеді. Биыл осы шара облыстық деңгейде ұйымдастырылды.
Облыстық байқауға әділ қазылық еткен өкілдердің айтуынша, аталмыш байқауда жаңа өнерпаздардың есімдері ел көңілінен орын алды. Бұл байқаудың тағы бір ерекшелігі, дағдылы айтылып жүрген жыр-термелерден бөлек жаңа орындауда сахнаға шыққан Манап ақынның өлеңдерімен өрісі кеңейіп, тыңдарман көңіліне терең толқыныс сыйлады. Жазба ақын һәм айтыс ақыны болып саналатын талантты жанның жыр-термелерін мақам нақышымен орындаған жас талаптар бізге осыны ұқтырды.
Әрине, байқау болған соң бағасы да болады. Әділқазылардың жан-жақты саралауынан өткен мына төмендегі өнерпаздарға лайықты баға берілді.
Олардың қатарында Қызылорда қаласынан келіп қатысқан жас талаптар Алтынбек Олжас, Оңлатбек Әділжан, жаңақорғандық Нұрберген Бақытұлы, жалағаштық өнерпаз Бақытбек Дәулетбек Алғыс хатпен марапатталса, Қармақшы ауданынан келген Руслан Өтегенов пен Қызылорда қаласынан келген Аяулым Абдумажит үшінші орын иегері, Жаңақорған ауданы өнерпазы Әсем Мажитқызы орын иегері, қызылорда қаласынан қатысқан Қарақат Әбдікерім орынды иеленді. Ал Бас жүлдені Арал ауданы атынан қатысқан, қазірде КазМҰ-ның студенті Абылайхан Бектасов иеленді. Жеңімпаздарға диплом мен заттай сыйлықтар берілді. Бас бәйгеге тігілген жүлде сыйлығын жеңімпаз жігіттің мәрттікпен Аяулым қарындасына ұсынуы да текті тұлғалардың мәрттігін тірілткендей көңілімізді толқытты.
Бүгінде жаңа заманның стилі осы деп жеңіл сазды музыкаға дендей ауып бара жас толқынның табанын тәбәрәк тұғырға тіктеп, еліктегіш көңілді есті сөзбен есейтуде мәні бөлек терме өнерінің өміршеңдігі осынысымен қымбат.
23 қараша 2022 ж. 350 0