№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыстан олжалы оралды

Облыстан олжалы оралды


Мемлекеттік тілмен қатар орыс және ағылшын тілдерін жетік білу – Жолдаудағы жастарға жүктелген негізгі міндеттің бірі. Осы тұста Қызылорда қаласында орыс тіл білгірлерінің «OI-SANA» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйытқы болған тіл бәйгесінде жаңақорғандық Индира Нұрланқызы үздіктер қатарынан көрінді.


Өңірлік додаға аймақтың түкпір-түк­пірінен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанған 16-22 жас аралығындағы қазақ тілінде білім алатын 23 жас өрен қатысты. Барлығы да кіл сен тұр, мен атайын деген орыс тілін жетік меңгерген жастар.
Байқау шарты бойынша қатысушылар төрт кезең тәртібімен бақтарын сынады. Бірінші кезекте, орыс тілінің мәдениеті мен салт дәстүрін дәріптейтін викториналық сұрақтарға жауап берсе, екінші кезеңде еркін тақырыпта «Эссе» жазды. Одан әрі тест сұрақтарынан мүдірмей өту болса, соңғы кезеңде 23 қатысушы мәнерлеп оқу бойынша кім мықтыны анықтады. Нағыз білімділер бәйгесінде бой көрсеткен жаңақорғандық Индира Нұрланқызы кент­тегі №169 Н.Илялетдинов атын­дағы мектептің 11 сынып оқушысы. Қарсы­ластарынан оқ бойы озық шыққан ол байқаудың екінші сатысынан көрінді. Бұл жөнінде бізге Индираның жетекші ұстазы Меруерт Асқарқызы айтып берді.
– Жыл сайынғы дәстүрлі байқау жоғары деңгейде өте әділ өтті. Өзім баптап, ала­манға қосқан Индира алдымен аудандық іріктеуден іркілмей шығып, облысқа жол­дама алған болатын. «Ұстаздан шәкірт озбаса – ұстаз тұл» демекші, міне Индира осындай шәкірттерімнің бірегейі. Оның «OI-SANA» байқауында дараланған қатысушылардың ішінен ІІ орыннан көрінуі, аудан үшін абыройлы асу. Бізге рухани демеу болған мектеп директоры Аллаберген Ахметов бастаған ұстаздар қауымына алғысым шексіз, – дейді Меруерт Саркулова.
Иә, бүгінде үштілділік – жаңа заман­ның басты талабы. Қазақ тілін еркін меңгергендей, орыс және ағылшын тілдерін де жетік білгеннің келешегі кемел. Бұл бағытта қазақ тілінде дәріс алатын оқушылар үшін «ОI-SANA» сынды тіл байқауларының берері мол. Әсіресе, ынталандыруға қосар үлесі зор.
– Білім мен білік қатар жүретін қазіргі уақытта жан-жақты болу заман талабы. Осындай жетістікке жетуім ата-анам мен ұстаздарымның қолдауы. Қазіргі таңда Ұлттық бірыңғай тестілеуге қызу дайындық үстіндемін. Болашақ мамандығымды да таңдап қойдым. Ол – «Аударма ісі». Келе­шекте осы саланың майталман маманы боламын деген мақсатым бар, – дейді Индира Нұрланқызы бізбен әңгімесінде.
Расында өңірдің үздік тіл білгірі атанған кейіпкерімізді алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар күтіп тұр.

Майра ӘБДУӘЛІ
13 қараша 2019 ж. 702 0