» » » Балаңызды бесікке бөлейсіз бе?

Балаңызды бесікке бөлейсіз бе?


Жақында ағайындас тұңғышын босанып, жеңгем тұла бойы Балаңызды шекесi торсықтай ұлды өмiрге әкелдi. Баланы қырқынан шығарып, келiнiнiң буыны бекiгесiн, енесi қазақтың дәстүрiне сай бесiкке салу рәсiмiн жасады. Бiрақ, жеңгемiз төркiнiне бесiктiң орнына кереует алыңдар десе керек. Анасы да қызының көңiлiн қалдырғысы келмей бесiк емес, манеж алыпты. Қызықтың көкесi осы жерде басталды.

 Жиналған ағайын-туыс, көршi қолаң бесiкке салу рәсiмiн бастайық дегенде, апалардың алдына төрт жiгiт төрт жағынан көтерiп, манеждi қоя салмасы бар ма? Отырған қатын-қалаш «ойбайау, мынауы несi» деп, ду ете қалды. Арасында аузы дуалы әйелдер, «бесiктi де осылай шығаратын болған ба, мына қытайдан да қулық артылмайтын болды ғой» деп, шуласа кеттi. Ұялған тек тұрмас дегендей, құдағидың жеңгесi даусын шығарып, «Құдағи, сiздiң немереңiз бақытты. Бiз сияқты аяқ қолын байлап, ағашқа таңып тастамайсыз. Немереңiз емiн-еркiн, кең төсекте, рахаттанып жатады» деп, көсемсiдi. Көпшіліктің көңілі түскені рас, ата дәстүрден аттаған оңай емес. Расында, көзге оғаш көрiнедi екен. Iштей салтымыздың сыртқары қалғанына көңiлiм құлазып, жеңгемнiң жасаған әрекетiне ұялдым.

Иә, бүгiнгi күнi бесiктi қолдану бiртебiрте тұрмыс-салтымыздан шығып бара жатқаны жанға батады. Заман көшi iлгерi жылжыған сайын, ғылым мен техниканың күн санап қарыштап дамуы бiздiң өмiр салтымызды айтарлықтай жеңiлдете бастады. Әсiресе, жас аналарға бұндай жаңалықтар көп пайдасын тигiзiп жатыр. Сол бiр реттiк жаялық киiп өскен балалардың өскенде кiшi дәретiн ұстай алмайтындығы талай мәрте айтылып та, жазылып та жүр. Тiптi, ғалымдар бүге-шүгесiне дейiн зерттеп, дәлелдеп берiп те отыр. Әсiресе, ұл балаларға зиян деп дабыл қағуда.

Бәлкiм, соңғы уақыттары белсiз еркектер санының күн санап артуы да осыған дәлел болса керек. Бiрақ, оған мән берiп жатқан тiрi пенде байқалмайды. Оның үстiне, перзентханаларда жаңа туған нәрестелерге бiрден киiм кигiзу бүгiнде таңғаларлық жағдай емес. Себебi, бұл Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы екен. Ал, бағдарламаны елiмiздiң Денсаулық сақтау министрлiгi енгiзген. Еуропада пайда болып, бүгiнде бүкiл әлем қолдап отырған бұл бағдарламаны ойлап тапқандардың мақсаты – сәбидi туғаннан еркiндiкте өсiру. Бiзде де Еуропа ғалымдарының ойлап тапқанын дұрыс көрiп, жас аналарға құндақтау мен бесiкке жатқызуды дұрыс емес деп ақыл айтып жүргендердiң саны басым. Осы тұста педиатр Зөре Хайнекееваны сөзге тарттық.

– Ертеректе ата-бабаларымызға өте ыңғайлы болған. Өйткенi, көшiп-қонып жүргенге таптырмас мүлiк қой. Қазiргi уақытта да ауылдық жерде тұратындарға пайдасы көп шығар. Әрi әйелдiң үй шаруасымен айналысуына да ыңғайлы. Медицина тұрғысынан да керi әсер бар деп те айта алмаймын. Алайда, бесiкте тамаққа тойып жатқаннан бала тұншығып қалуы мүмкiн. Негiзi баланың аяқ-қолы кiшкене бос жатуы керек. Ал, баланың аяқ-қолын қатты байлап қою неврологиялық тұрғыдан жақсы нәрсе емес. Оның үстiне, бесiктiң бетiн жауып қояды, бала қараңғыда жата бередi. Бұл баланың болашақта қорқыныш сезiмiнiң пайда болуына әкелуi мүмкiн. Әйткенмен, баланы санаулы уақытқа ғана, яғни ұйықтар кезiнде бесiкке бөлегенi дұрыс. Есiңiзде болсын, бесiкке бөлеп, баланы емiзгеннен кейiн басын бiр жағына қарай бұрып қою керек. Себебi, бала тiкесiнен жатып құсқан уақытта, ол тыныс жолдарына кетiп, тұншығып қалуы мүмкiн. Бiрақ, күндiзтүнi бесiкке бөлеуге де болмайды. Қазiргi таңда жаңа туған сәбилердiң арасында туа бiткен жүрек және өкпе, туа бiткен жамбастың дұрыс бiтпеу сынды жағдайлар кездесiп жатады. Осы үш патологиялық жағдайда баланы бесiкке бөлеуге болмайды, мұндай жағдайда баланың қан айналымы, өкпемен терең демалуы нашарлайды, – дейді дәрігер.

Осы тұста Бауыржан Момышұлының: «Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқaмын. Үшінші, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ», – деген сөзі еріксіз ойға оралады.

Ақиқатында, ата-бабадан қалған тал бесіктің бағасын бағамдамай, қадірқасиетін түсіріп жүргеніміз белгілі бір отбасының ғана мәселесі емес, ұлттың қасіреті десек болады. Өйткені, бесік – өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы емес пе? Түсіне білгенге, бесіктің пайдасы ұшан-теңіз. Атап айтар болсақ, қол-аяғы ербеңдемей, құрғақ жатады. Ол – мықты денсаулық кепілі. Әрі қолаяғы сыптай болып өседі. Тұла бойы тазалыққа үйренеді. Бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды. Бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды. Бiле бiлгенге, бесiк ананың үй шаруашылығымен айналысуына таптырмас дүние емес пе?

Әсел Рзаева

10 маусым 2023 ж. 818 0